Жансерік Қадырбаев «Menin РоднOilarym» атты кітабының тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Армандар орындалады!», «Бұл әлемде шектеу жоқ, шектеу біздің миымызда!» Дәл осы екі басты қағиданы ұстанған Жансерік Қадырбаевтың армандарының бірі орындалды! Жас журналист, әрі блогер кітабының тұсауын кесу үшін ет жақындары мен өзінің «роднойларын» жанына жинаған еді.

Жансерік Қадырбаев, блогер:

- Бұл жақта менің және достарымның отбасымның басынан өткен қызықты жағдайлар белгілі бір енді мотивациялық тұрғыда, мысалы бір досым бар ешқандай емделмейтін ауруды жеңіп шыққан. Сондай әңгімелерді қызық қылып мотивациямен жеткізу.

Өмірі мен блогерлікке келу жолындағы бастан кешкен хикаялары баяндалған Қадырбаевтың кітабы дүкен сөрелеріне түспей-ақ, алдын-ала тапсырыспен 5000 данасы сатылып кеткен. Жансерік қолына қалам алмас бұрын, аздап жүрексіндім деп отыр.

Жансерік Қадырбаев, блогер:

- Енді халық не дейді жаспыз ғой енді, жастар қалай өзі кітап жазатын болған ба деген. Қорқыныш болды, содан кейін уақыт өте келе белгілі себептер пайда болды.

Бүгінде ғаламторда ауқымды аудиториясы бар Жансерік Қадырбаев кітаптан түскен бар қаражатты игі іске жаратпақ ниетте. Еске салсақ, блогер осы күнге дейін фолловерлерімен бірлесе 83 млн теңге жинап, қайырымдылыққа жұмсаған.

Жансерік Қадырбаев, блогер:

- Бұл кітаптың ақшасының бір бөлігін мешіттің қайта жандануына кетеді. Дұрыс ниетпен, дұрыс бағытта шығарып жатырмын. Қандай да коментарийлер негатив келетін болса мен оған дайынмын.

Қадырбаевтың «Menin РоднOilarym» атты кітабы ресми түрде сатылымға түсті. Жас журналист аталмыш жинағымен жастарға мотивация сыйламақ ниетте.