Жания мен Даниярдың махаббатына карантин қаншалықты себепкер болса, тойдың ұйымдастырылуына соншалықты кесірін тигізіп жатқан көрінеді. Джуринская: «Ақ көйлек киіп, құрбыларыма қалыңдық гүлін лақтыратын сәтті асыға күтудемін»,- дейді.
Жәния Джуринская, актриса:
- Әрине. Кез келген қыздың арманы ғой, той көйлегін кию. Менің де кигім келеді. Сол үшін үйлену тойын пандемия аяқталған соң жасайтын шығармыз.
Сондықтан әзірге жұп жанкүйерлерін тек қызықты вайндарымен қуантуға құлықты. Олар: «күлкілі видеоға негіз болатын тақырыпты алыстан іздемей, өз өмірімізден аламыз», - дейді. Жания мен Даниярдың пікірінше, ғашықтардың арасында өкпе, реніштің болуы – қалыпты жағдай. Тіпті, ел қызыққан жарасымды жұптар да араздасып қалатынына сенімді.
Жәния Джуринская, актриса:
- Вайндардағы оқиға 90 пайызы өмірден алынған, өзіміздің, дос-туыстарымыз бен ата-анамыздың да басынан өткен жағдайлар ғой. Соларды көріп, ары қарай өзіміз күлкімен жалғап кетеміз.
Данияр Хизметов, блогер:
-Мысалы, қыз-келіншектердің ер адамның телефонын тексеруі сынды жағдайлар қашан да болған, болады да. Тіпті үлкендердің де басынан өтеді.
Аудиториясы күн санап артып келе жатқан жұпқа, кинопродюсерлер мен режиссерлар тарапынан ұсыныстар жиі түседі екен. Әсіресе Жәнияның жары бүгінде сұраныста. Данияр актер болуға кетәрі емес-ақ. Барлығы да уақыттың еншісінде дейді ол.
Данияр Хизметов, блогер:
- Актер болғым келсе, мені осы уақытқа дейін жоқ дегенде бір туындыдан көруші едіңіздер. Әзірге келіспедім. Бірақ біздің жоспарда бар. Күтіңіздер.