Фанаттар Рианна мен A$AP Rocky-дің қарым-қатынасы туралы естігенде таңқалғаны жасырын емес. Себебі, қос өнерпаз бұрыннан бері өнерде де, өмірде де тек дос ретінде жақсы араласқан-ды. Тіпті, РиРи өзінің бұрынғы ғашығы Хассан Джамильге тұрмысқа шықпақ ниетте еді. Алайда, араб миллиардерімен бірнеше жылдан бері көңіл жарастырған әнші: «Айрылысуға тура келді», - деп отыр. Рианна экс-сүйіктісімен тіл табыса алмаған көрінеді.
Ал Меган Фокс күйеуімен ажырасу үшін сотқа шағым түсірді! Актриса мұндай шешімді экс-жарымен ат құйрығын үзгеннен кейін қабылдаған. Актер Брайан Остин Гринмен қош айтысамын деген Меган, осылайша ортақ дүние мүлікті де бөліп алмақ. 3 ұлы бар ерлі-зайыптылар балаларына қамқорлықты теңдей етіп мойнымызға аламыз деп келіскен.
Камила Кабейо өзінің жеке өміріне алаңдаулы! Әсіресе әнші сүйіктісі Шон Мендеспен қарым-қатынасына қатысты сары уайымға салынып жүргенін айтып, желіде жазба қалдырған. Бір жылдан астам бірге жүрген қос ғашық қиындықтарға тап болуда. Камиланың айтуынша, тығыз жұмыс кестесі өнерпаздардың бірге уақыт өткізуіне кедергі келтіруде. Еске салсақ, Камила мен Шон хитке айналған «Señorita» дуэтінен кейін жұп атанған болатын.