«Junior Eurovision»-де 200 ұпаймен бірінші орын Франция өкілі – Валентинаға бұйырса, 152 дауыспен Қарақат Башанова екінші орынды еншіледі. Көш бастамаса да, отандасымыздың әсем орындауы жүректерге жете білгендей. Оны желідегі жанкүйерлердің толассыз жазбаларынан аңғаруға болады.
Ал Қарақаттың талантына тәнті болған шоу-бизнес өкілдерінің бірі – Ринат Гайсин. Танымал композитор: «Башанованың жас та болса, сахнаға деген ерекше махаббатын айта кеткен жөн», - дейді.
Ренат Гайсин, композитор:
- Әрине Қарақат балапынымызды біздер көрдік, менде өзім де, кәдімгідей бір таңқалып қалдым. Сахнадағы болмысы, тұрысы өзінің музыкаға деген махаббаты көрініп тұр.
Ал Бейбіт Көшқалиев: «Қарақаттың әсіресе әкесіне ән арнауы жүрегімді елжіретті», - деп отыр. Өнер иесі Башанованың «Junior Eurovision» ғана емес, одан да ауқымды жобаларға лайық екенін айтады.
Бейбіт Қөшқалиев, әнші:
- Бұл қыз өте ерекше, ерекше әншілердің бірі. Клипі де ерекше, жалпы дауысы да жақсы және Евровидениеге баратын адамға оған өзінің талаптары бар, соған лайықты деп ойлаймын.
Еске салсақ, биыл «Junior Eurovision»-ге басы-қасы 12 ел қатысқан болатын. Талай конкурстарда бақ сынаған Айри: «Әлемнің алпауыттарының өзін артқа тастап, үздік үштікке енудің өзі жеңіс», - деп санайды.
Ayree, әнші:
- Біз ең алдымен білеміз, сен талантысың, кереметсің. Сондықтан әлі де жассың, сондықтан алар асуларың әлі алда. Евровидениямен шектелме!