Отандық шоу-бизнесте ұл-қызының жан қалауын орындауға тырысатын танымалдар жетерлік! Мәселен, Аша Матай, Айқын Төлепберген әр баласының туған күнін ерекше атап өтуді әдетке айналдырған. Ал Динара Сәтжан жыл сайын кестетігерінің төл мерекесін тілегі бойынша арнайы тақырыпта тойлатады. Танымал тележүргізуші: «Әр бала – дара тұлға. Оның да өз қалайтыны бар»,- деген пікірде.
Динара Сатжан, дизайнер:
- Бәріміз балаларымызды жақсы көреміз. Бірақ баламызға кроссовки кигізіп, қандай киім киесің, не жасайсың, соның барлығын жасамау керекпіз. Өйткені бала 18 жасында өзі өмірін қалай сүрем, қайда оқимын, не жасаймын оның барлығын өзі білу керек.
Жеңісхан Момышев та сәбиінің жарқын болашағы үшін барын салатындардың бірі. Режиссер тіпті тұңғышының бір жасын Алматы циркінде өткізіп, тұсауын «Номад Станс» каскадерлер тобының директоры Жайдарбек Күнғожиновқа кестірген еді. Өнер иесі: «Қызым туған күніне жасаған тартуымды өскенде түсінеді», -дейді.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
- Тұсаукесерін мен оның циркте жасадым, негізі менің мақсатым Номад несінің, ағамызға тұсауын кестіріп, циркке каскадер болады деген ойдамын негізі. Кішкентай кезінен атқа мініп, ауыл жоқ қой енді бізде, сол жерден атты да біліп, атқа отыруды, гимнастиканы бәрін сол жерде білсе деген мақсатым солай.
Айдана Меденова да қызы Аминаның бойынан шығармашылық қасиеттерді байқайды. Сол себепті де, кестетігерінің қалауымен әр туған күніне креативпен өткізуге тырысады. Мәселен, жұлдызды ана Аминаның биылғы мерекесінде қуыршақ Барбидің образына енген еді.
Айдана Меденова, әнші:
– Менің күйеуім де өнерден алыс емес. Екеуіміз де сол жақтанбыз. Сондықтан екеуі де: «Яблока от яблоки далеко не падает», - дейді ғой. Ұлым да, қызым да ән айтады, би билейді. Ритм четкий. Слухы четкий. Сондықтан кім біледі, әлі бәрі алда.