Николь Шерзингердің бақыттан басы айналып жүр! Әнші бұл жылдың басында Том Эванс есімді жігітпен көңіл жарастырған еді. Мерейтойларын мұхит жағасында, романтикалық ас ішіп, күнге қыздырынумен өткізген олар, папарацци көзіне түсіп қалған. Естеріңізде болса, Николь Томмен ара қатынасы жайлы жарты жыл бойы жұрттан жасырып келген.
Ким Кардашьян да жары – Канье Уэстпен жеке аралдарында серуен құрып жүр. Жақында ғана: «Каньемен ажырасамын», - деген Ким ол ойынан айнып қалған сияқты. Себебі, өзі инстаграмына жүктеген суреттерінде екеуінің бақытты екенін аңғармау мүмкін емес. Ал жұлдызды жұптың жанкүйерлері айрылысу туралы әңгіменің жәй ғана сайлау алды жарнама болғанын жарыса жазуда. Әзірге екеуі де бұған қатысты пікір білдірмеді.
Бір жарым ай бұрын ана атанған Джиджи Хадид сәбиінің суретін тағы да желіге жүктеді! Бірақ сәнбике бөпесінің түрін әлі көрсетпеді. Шақалақтың жұлдызды әкесі Зейн Малик болса: «Қызымның бейнесін және есімін жасыра тұрамыз. Себебі әлі кіп-кішкентай. Уақыт беріңіздер», - дейді. Жанкүйерлер нәрестенің кімге ұқсайтынын болжап әлек.