Танымал жұпқа дастарқан жайып, құтты қонақ еткен продюсер тіпті түрік сериалдарының жұлдызы Неслиханға ұлттық нақыштағы алқа сыйлады. Бұдан бөлек, Қоянбаев шетелдік әріптестерімен жаңа жоба бастап жатқанын мәлім етті. Әзірге қандай туынды екені белгісіз. Десе де, Түркияға сапар отандық киногер үшін жемісті болғандай.
Динара Бақтыбаева алғаш рет сәбиінің жүзін көрсетті. Актриса тұңғышы Аянаны оқырмандарымен таныстырып, кестетігерінің 3 апталық кезіндегі суретімен бөлісті. «Кішкентайға тіл-көз тимесін», - деп ақ тілегін жаудырған көпшілік бүлдіршінді әкесіне ұқсатуда.
Назима болса, араға аз уақыт салып өз тыңдарманын тағы бір туындымен қуантты. Күні кеше «Black Star»-лық бикеш «Зачем» атты трегін ұсынды. Әнді ютуб платформасында бір тәулікке жетпестен, 60 мыңға жуық қолданушы тыңдап үлгерген. Әдеттегідей, махаббат тақырыбындағы нәзік әуен тыңдарман қауымды бейжай қалдырмады. Тіпті, желідегі оқырманның кейбірі Назимадан енді ағылшынша шырқауын өтінген.