Үштік ұсынған «Too much» деп аталатын тың трек махаббат жайында. Ал клипті шетелдік әншілер арасында кеңінен танымал Кристиан Бреслауэрдің өзі таспалаған. Әзірге мұндай каллобарация орнатуға кімнен-кімге ұсыныс түскені белгісіз. Еске салсақ, «Imanbek Remix» лақап атымен танылған жерлесіміз бұған дейін Карлос Сент-Джонның «Roses» трегіне ремикс жасап, Billboard Hot 100 чартындағы топ-ондыққа енген еді.
Q-pop тыңдарманына жағымды жаңалық! Көптен бері көзге көрінбей кеткен МadMan тобы кезекті бейнебаянының тизерін ұсынды. «Хикая» деп аталатын туынды қазан айының 31 күні көрермен назарына ұсынылмақ. Қазірдің өзінде клиптің үзіндісі қызу талқыда. Мемберлердің жаңа образы жанкүйерлерді бейжай қалдырмағаны анық.
Луина алғаш рет ұлының жүзін көрсетті! 33 жасында ана бақытын сезінген әнші тұңғышы Давидтің 10 күндік шақалақ кезіндегі фотосын желіге жүктеді. Тәтті сәбиге тамсанған көпшілік, Давидті анасының көшірмесі екенін айтуда. Еске салсақ, Лу мен Артемның атұстары қазір 2 айдан асты.