Ерек әнге, ерек бейнебаян! Көптен күткен «Señorita» клипі Бартоғай мен Қапшағай су қоймаларының маңында таспаланған. Әдетте студиядан шықпайтын мемберлер, түсірілім барысында туған жердің табиғатымен таныстық деп отыр.
Ninety One тобы:
- Түсірілім өте керемет болды, жан-жақты біздің табиғатты түсірдік, өздеріңіз көріп жатсыздар біздің жер өте әдемі, өте керемет қызық жерлер бар.
Алты минуттық видеоклиптің авторлары: топ жетекшісі Ерболат Беделхан мен жас режиссер Куаныш Бейсеков. Еске салсақ, Kuka атымен танылған клипмейкер «Шоу Ирины Кайратовны» жобасының продюсері.
Ninety One тобы:
- Клиптің режиссері Кука, бәріңіз танисыздар Қуаныш Бейсеков, ия сол Ерболат аған екеуі бірігіп отырып осы клипті түсірді. Куканың жаңа көзқарасы бізге деген жалпы, біздің концепцияға деген енді бөлек нәрселер сол үшін де жаңа леп. Кішігірім тәжірбие эксперимент сол үшін бағалап жатсыздар деп ойлаймыз.
Бейнебаяннан бөлек, «Señorita» трегі де бұрынғылардан өзгеше! Әсем ән латино жанрында жазылған. Мемберлер «word play», яғни сөздерді ойнату арқылы шетелдік нақышқа келтірдік дейді. Тың идея Zaq-қа тиесілі.
Ninety One тобы:
- Ол заттарды бір концепцияға біріктіру сол нәрсеге көп уақыт кетеді. Яғни сөздерді ұйқастыру қатты қиын емес қой, жаңағы «дос-тіріс» дегенді естисіңде қазақша қандай ұқсас сөз бар екенін келеді ол «дос-тірісеп» дейсің содан кейін «мамаситаға» «мама сөйтіп», бірден шығады, бірақ оған бәрін бір концепцияға келтіру сол кішкене уақыт алады.
Еске салсақ, «Ninety One» үшін дәл осы «Señorita» бейнебаяны AZ-сіз түсірілген алғашқы жұмыс. 5 жылдан кейін топ құрамынан кеткен Азамат Зенкаев бүгінде өзін соло әнші ретінде танытуда. Рэпер баяғы AZ лақап атымен тректер шығарып жүр.
Ninety One тобы:
- AZ авторлық құқықтарын өзімен алып кетті. Болды осы. Компания оның өзіне атын бәрін берді, біз қуаныштымыз. Ары қарай өзі емін-еркін жұмыс жасауға өте ыңғайлы. Сондықтан да бәрі жақсы бұл жағынан.
Жігіттердің өзі болса, AZ-дің партиясын әр концертке кезектесіп алып отырамыз дейді. Бұл Eaglez үшін расымен де, тосынсый болмақ! Олай болса, келесі концертте кездескенше!