Zheka Fatbelly бүгінде Тик-токтың тұрақты тұтынушысы! Аталмыш желіде оған 800 мыңнан астам адам тіркелген. Алайда ғаламтор жұлдызы бұл платформаны ермек үшін емес, мақсатты түрде пайдаланып жүргенін айтады. Вайнерліктен соң, әншілікті қолға алған ол, енді тректерін Тик-ток арқылы жарнамалуға ниетті.
Zheka Fatbelly, блогер:
- Біздің Қазақстанның әншілері бар ғой The Limba Россияда рекорд қойған адам, 2 рет миллион видео түсірген. Міне керемет мынандай мужчина красавчик. Солай істеу керек. Ол өте мықты тактика, оны қолданып білу керек.
Zheka Fatbelly айтпақшы, Тиктотың тәсілін пайдаланып, трегін танытуда айласын асырып жүргендер қатарында «Ninety one» ұжымы да бар. Еске салсақ, жігіттердің «Сеньорита» әні бұл платформаның арқасында шықпастан хитке айналған еді.
Сондай-ақ, соңғы күндері Кәмшат Жолдыбаева мен Айдана Меденовалар да шығармашылығын Тик-ток көмегімен трендтке айналдыруға құлықты. Тіпті, Айдана бұл құбылысты жаңа тенденцияға балап отыр.
Айдана Меденова, әнші:
- Ондай тенденцияны мен де байқадым. Оның көбінесе аранжировкасына мән беру керек деп ойлаймын. Сол Тиктокқа келу үшін. Аранжировкасын дұрыс жасап үйрену керек.
Қысқасы: «Тик-токта» әніңді танымал еткің келсе, сапалы дүние ұсынуың керек», - дейді Меденова.
Ал көп ұзамай жас әнші 2Rar да тиктокерлдер қатарына қосылмақ. Өнер иесі де болашақта тың туындыларын аталмыш желі арқылы жарнамалауға ниетті.
2Rar, әнші:
- Бұл өмірде әркім өзіне ұнаған нәрсесін істеу керек қой. Мынау мынандай түсіресің бе, вайн түсіресің бе, тикток түсіресің бе ешкімнің ешқандай жұмысы жоқ, шаруасы болмау керек қой негізінде.