Табиғилық трендте! Жұлдыздар жаппай мэйкап пен фотошоптан бас тартып жатқаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жұлдыздар да бұдан-былай бұрынғыға қарағанда мэйкап, фотошоп пен инста фильтрден барынша бас тартуға тырысып жүр. «Бүгінде табиғилық трендте», - дейді олар. Алайда, Анара Батырхан шынайы бояусыз бет-бейнесін көрсетуге ұялады. Неліктен?

Бүгінде жұлдыздар фотошоп пен инста фильтрлерді қолдануды сиреткен-ді. Тіпті, өнер өкілдері әсіресе карантин кезінде макияжсыз, шынайы келбетін көрсетіп көпті таңқалдырды. Олардың арасында Элизат Берікова, Мақпал

Танымал вайнер Сабиркин де табиғилықты қолдайды. Ғаламтор жұлдызы әрдайым шынайы көрінуге тырысады екен. Блогердің сөзінше тек өз-өзіне сенімсіз жандар ғана фотосын қосымшаның көмегімен әрлеуге құмар.

Sabirkin, блогер:

- Мен өзім ойлаймын өмірде кейде көріп қаласың ғой адамдарды маскасыз түрі басқаша екен ғой деп ойлайсың. Сол себепті ондай болғанын қалаймын. Өзім қалай бар солай көрсетуге тырысамын.

Ал Анар Батырхан әлі күнге дейін фотошоп пен инстаграмдағы түрлі фильтрді қолданатынын жасырмайды. Актриса әріптестері сынды мэйк-апсыз, инстаграмдағы маскасыз суретін желіге жүктеуге дайын емес екен.

Анар Батырхан, актриса:

- Енді инстаграм болғандықтан сенің суретін әдемі болу керек. Жақсы цветте болу керек. Мысалыға кейде камера болады жақсы цветте түсіре алмайды. Сол кезде цветті қосасың жаңағыдай. Тонирование кожи деген нәрсе бар. Енді оның барлығы уақыт алады.

Фолловерлерінің алдында мінсіз көрінгісі келетін Анар оның үстіне фотошоптың көмегімен сырт-келбетін өзгертуді қылмысқа баламайды. «Бұл – бар болғаны заман талабы», - дейді ол.

Анар Батырхан, актриса:

- Менің ойымша «тек қана психологиялық тұрғыда мен өзімді қабылдай алмаймын сол үшін мен фильтр қолданамын» деген мәселе о да емес. Әр адам енді қазір жаңа бір тренд шықса жаңа бір фильтр шықса жаңа бір жаңа преложения шықса біз қолдануға тырысамыз.

Сондықтан да сылқым: «Жақын арада менің табиғи, макияжсыз келбетімді көре қоймайсыздар», - дейді.