Көпшілікке Баян Алагөзованың «Махаббат бекеті 2» туындысы арқылы танылған Асқар Ильясов, «енді тек отандық кино үшін қызмет етемін» деп отыр. Еске салсақ, актер бұған дейін Мәскеуде шығармашылығын шыңдап келген еді. Енді елге оралған өнер иесі баспанасыз пәтер жағалап, қиналып жүр.
Дәл осы туынды арқылы қалың көрерменге кеңінен танылған Асқар Ильясов бүгінде сұраныстағы актерлер қатарында. Сол үшін де өнер иесі темірді қызғанда басып, отандық киноға мол үлес қосуды діттеп отыр. Тіпті Асқар ол үшін Мәскеудегі жобаларын екінші орынға қойған көрінеді.
Асқар Ильясов, актер:
- Москвада төрт жыл оқып, одан кейін екі жыл театрда жұмыс істедім. Кинода түстім біраз. Одан кейін өткен жылғы, биыл күзде қайтып оралдым қазақстанға
Алайда актер Ресей сахнасынан түбегейлі кетуге дайын емес көрінеді.
- Мен болашақта қазір осы шекара ашылсын, Ресейге барып жүрем спектакль ойнап. Спектакльдерім бар. Кино туралы қазір бір жобаны ойластырып жатырмыз, агенттікпен екеуміз. Мүмкін баратын шығармыз.
Елге оралғанына жарты жылдан асса да, Асқар үйсіз екенін айтып, ағынан ақтарылды. Өнер иесі жалдамалы пәтер жағалап, қиналып жүрген көрінеді. Сондықтан да актерды баспанасыз отбасылардың жағдайы қатты алаңдатады.
Асқар Ильясов, актер:
- Қазір пәтерді жалға алып жүрмін. Қазір досым екеуміз тұрамыз. Үйлері жоқ қазір көптеген отбасылар үйсіз, аренда.. Жалға алып жүрген отбасылар туралы. Сол тақырыпты көтерейін дегенбіз.
Ақша жинап тезірек үйлі болу үшін, Ильясов Санжар Мәдидің өнер мектебіне қызметке орналасқан. Өйткені, карантин актердің де қалтасынан қаққан.
Асқар Ильясов, актер:
- Санжар Мади екеуміз, Санжар Мадидің студиясынан сабақ беріп жүрміз. Бүгінгі күнге дейін. Үш жоба тоқтады. Өте сағындым бүгін келіп осы сьемка, осы процесті сағындым, өйткені сол бірінші күн энергиямыз көп, мол боп жүрміз.
Енді Асқар алдағы бар уақытын тек түсірілім алаңында өткізуге ниетті. Көздегеніне жету үшін кедергі болмасын деп, актер тіпті желіде отыруды да сиретпек.
Асқар Ильясов, актер:
- Демалып шаршадым жұмыс істеу керек. Мүмкін қазір алты айда бір жоба болайын деп тұр. Бірақ ол күзде ресейде. Оған дейін, барлығы қазақстанда ондай инстаграм, фейсбук дегендерден демалу керек. Өйткені басың толып кетеді. Неше түрлі керек емес информацияға ақпаратқа толып кетеді. Сол үшін демалу керек.