Мөлдір Әуелбекова жақында екінші рет тұрмысқа шықса еш таңқалмаңыз! Әншіге құшақ-құшақ гүл сыйлап, жүрегін жаулап жүрген жанның бар екенін байқап қалдық. Сонымен, сахнаның сұлуы тағы бір мәрте отау құрмақ па?
Бұл голланд раушандары Әуелбековаға тұп-тура түсірілім алаңына жеткізілді. Әнші құпия жанның кім екенін айтқысы келмесе де, гүлді жолдаушы осымен бірнеше рет тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіргенін айтып қалды.
Қанша жомарт болса да, тек смс пен гүл арқылы ниетін білдірген серінің ұсынысын Мөлдір ханым жақын арада қабылдауға құлықсыз. Десе де Әуелбекова желіге раушанмен түскен сурет жүктеп, көптің ойын сан-саққа жүгіртті.
Жеке өміріне қатысты тіс жарғысы келмеген әншінің шығармашлығында да жаңалықтар жетерлік. Әуелбекованың әріптестері карантинді тұсау болды деп сылтауратса, Мөлдір ханым бұл аралықта 11 ән жазып үлгерген.
Мөлдір Әуелбекова, әнші:
- Әндердің барлығы өңделіп дайын тұр, 11 ән тұр тізімде + 02-30 қазір карантин біте салысымен дауыс жазу ғана қалды. Композиторлармен, ақындармен ән өңдеушілермен мен үйде отырып, онлайн жұмыс жасап жатырмын. Барлығы телефон арқылы.
Әншіліктен өзге, продюсерлікті де қолға алған Мөлдір карантин кезінде қоластындағы «Назар» тобы туралы да ұмытпаған. Ұжым әзірге демалыста болғанымен, Әуелбекова қыздардың қаржы мәселесін толықтай қарастырып қойған.
Мөлдір Әуелбекова, әнші:
- Назар тобының мүшелері, қыздарының барлығы үйде. Екеуі ауылдарында, екеуі астанада. Өздерінің үйлерінде. Қаражат жағы барлығы алдын ала қарастырылған, сол себепті олар 42 500-ге мұқтаж емес. Барлығы өздерінде бар.
Бүгінде Мөлдірдің өзі де карантинде ет жақындарымен бірге. Қолы біраз босаған сахна сұлуы үйдегі балалардың тәрбиесімен айналысып жатқан көрінеді.
Мөлдір Әуелбекова, әнші:
- Карантин үйде өтіп жатыр, үйде бауырларымның бала-шағасы бар. 8 бала, менің үйдегі рөлім няня, бала күтуші. Сол себептен балаларды ойнатамын, далаға шығарамын, шомылдырамын, жуындырамын. Сол балалардың тәрбиесі менің мойнымда.
Қысқасы, көп ұзамай Әуелбекова ханым жеке өмірндегі де шығармашылығындағы да жаңалықтармен жанкүйерін қуантпақ!