Ресейге көшкен әншілердің бүгінгі жағдайы қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Скриптонит, Назима, Джа Калиб! ТМД-ға танылған отандық музыканттар карантин кезін елден жырақта өткізуге мәжбүр. Тіпті олардың қатарында Dequinе, MDee, The Limba сынды жас өнерпаздар да бар.

Назима «Black Star» лейблының мүшесі атанғалы бері Мәскеуде. Бірақ әншінің ет жақындары мен қызы Амелия Қазақстанда тұрып жатыр. Бүгінде карантинде жатқан сылқым жалғыз арманы кішкентай ханшайымымен кездесу екенін инстаграмда жиі жазады. Десе де, шетелге қоныс аударған Назима отанынан жыраққа кеткеніне еш өкінбейді.

NAZIMA, әнші:

- Меніңше бұл уақыт мәселесі. Әрбір өнер адамды шетелге барып, өзінің бағын сынап көруді қалайды. Себебі даму керек.

Алғашында Ресейде тұрақтаған Джа Калиб болса, таяуда ғана Украинаға көшіп кеткен-ді. Музыкант шығармашылығын шыңдауға Киев қаласы қолайлы деп санайды.

Jah Khalib, музыкант:

-Ия, мен Киевке көшіп кеттім. Себебі ол жақта жұмыс істеуіме барлық жағдай жасалған. Талантты музыкаттар жетерлік.

Бүгінде Бахтияр жаңа тректер жазып, тыңдарманына тосынсый әзірлеп жатқан көрінеді. Карантин кезі, осылайша Джа Калиб үшін пайдалы өтіп жатқандай.

Жастар арасында кеңінен танылған рэпер Кали де, уақытша шетел азаматы. Нью-скул әншінің Мәскеуге қоныс аударғанына бір жарым жылдан астам уақыт өтті.

CALI, рэпер:

-Мәскеуге көшу бұл менің шешімім. Өзім ғана емес, барлық шығармашылық ұжымымды да қоныс аударуға көндірдім. Себебі, өнер адамына, әсіресе рэперлерге Ресейде мүмкіндік өте көп және шектеулер жоқ.

Сондай-ақ, жас әншілер Dequin, The Limba және Mdee де карантинді туған жерінен жырақта Ресейде өткізіп жатыр. Тіпті, Mdee-ге Скриптониттың өзі ағалық қамқор көрсетіп, өз қарамағына алған. Мәди Тоқтаров енді Әділ Жалелов ашқан «Группа Скриптонит» лейблымен келісім шарт иесі.