Ресейлік Forbes журналы 30 жасқа дейінгі табысты тұлғалар тізімін жариялады. Үздік 100-діктің арасынан отандасымыз Нұрлан Сабуров та табылды! Соған қарамастан, әзілкеш өзін ауқаттылар қатарына қосуға асықпайды! Неліктен?
Сабуровтың Forbes ұсынған шорт-листке енуі көпті таңқалтқаны рас. Себебі, аталмыш тізімде талантымен таңқалтып, табысқа жеткен ресейлік танымалдар шоғырланған. Басылым Нұрланды жетістікке жеткен әзілкеш ретінде таңдаған.
Шығармашылық жолын студенттік шақта КВН ойнаудан бастаған Сабуров бүгінде сұраныстағы әзілкештер қатарында. Оның командасымен ұсынған Ютубтағы «Что было дальше?» шоуы миллиондаған қаралым жинаса, бүгінде Нұрланның бір рет өнер көрсеткені үшін алатын қаламақысы 10 000
Алайда, соған қарамастан Нұрлан өзін дәулеттілер қатарына қосуға асықпайды. Құралай Анарбекованың «Брат или брак» фильмінде төбе көрсеткен ол, кейіпкеріне мүлде ұқсамайтынын айтқан еді.
Нұрлан Сабуров, актёр:
– Біріншіден мен миллионерт емеспін. Өзімді дәулеттілер қатарына қоспаймын. Фильмдергі кейіпкеріме қарағанда қарапайммын.
Айтпақшы, Сабуров Ресейде тұрақтаған қазақстандық өзге өнерпаздармен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып қалды. Тіпті, Нұрлан Скриптониттің концертін қалт жібермеуге тырысады екен.
Нұрлан Сабуров, актёр:
- Жиі жүздесіп тұрамыз, бір-бірімізбен жақсы араласамыз. Бір-біріміздің концертімізге барып тұрамыз. Қазақ толқыны Ресейде де бірге.
Ал Forbes ұсынған тізімде Сабуровтан басқа, өзге өнер өкілдері жетерлік. Мәселен, Black Star -дың өзіне бәсекелес атанған рэпер Моргенштерн мен әнші Зиверт те 30-ға дейінгі табысты тұлға атанды.