Таяуда ғана ақ құсын қолына қондырған Олжас Әлжанов: «Карантин болмаса бірнеше күн бұрын күйеужігіт атанатын едім», - дейді. Наурыз айының басында заңды некеге отырған актер той күнін белгілеп, конағын шақырып та қойған екен.
Олжас Әлжанов, актер:
- Карантин әрине тек қана маған емес бүкіл қазақ еліне, бүкіл әлемге карантин негізі әсер етіп жатыр және менің тойыма да әрине әсер етті. Ол шегерілді басқа уақытқа. Негізі 16-шы сәуірге біз тойханаға задаток беріп қойғанбыз. Сол күні болуы керек еді негізі.
«Бастысы карантиннен аман-есен шығайық, тойымды дүркіретіп өткіземін» - дейді актер.
Олжас Әлжанов, актер:
- Шамамен енді күзге деп ойлап отырмыз. Бір 200 адам шақырамыз деген ниет еткенбіз. Сол өнерде өмірде де жүрген бауырларымды, достарымды ағайын туыс баршаңызды шақырамын.
Былтыр сүйіктісінен ұсыныс алған Балжан Бидаш ақ келін атануы тиіс еді. Енді сылқым үйлену тойын өткізу үшін төтенше жағдайдың бітуін асыға тосып жүр.
Балжан Бидаш, әнші:
- Әрине барлық қазақ халқы, кейінге шегерді. Бұйырса карантин біткенсоң той жасаймыз. Тойға барамыз деген сияқты. Бұйырса тезірек бәрі жақсы болсын. Сүйіктім екеуміз осы карантиннен кейін той жайлы сөйлесеміз, бәрін шешеміз деп шештік.
Еске салсақ, Тәуекел Мүсілім мен оның ғашығы Махаббат Түктібаева, Аша Матайдың туған бауыры Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайымның да үйлену тойлары кейінге шегерілді.