Карантин кесірінен кей әртістер депрессияға ұшырап жатыр! Мәселен, Ринголық Аян Бірбаев сахнадан алыстап, шығармашылық тоқырауға тап болғаны үшін қатты қиналып жүр. Қынжылған әнші, өнерім не болады деп алаңдайды.
Аян Бірбаевтың 2020 жылға құрған жоспары көп. Әнші «Ринголықтармен» ғана емес, соло орындаушы ретінде де танылуды көздеп отыр. Бірақ, карантин кесірінен біраз істі кейінге шегеруге тура келді, дейді ол.
Аян Бірбаев, «RINGO» тобының әншісі:
- Біздің өнеріміз де тоқтап қалды деп айтса болады. Өйткені студиялар, одан кейін басқа да адамдар үйлерінде отыр. Оларға жаңағы өлең жазу үшін. Студияға барып инструменттер қажет деген сияқты.
Ал Нұрлан Еспанов «Ринголық» сері сынды, сары уайымға салынып жүрген жоқ. Керісінше, карантин өнерге тұсау бола алмайды дейді. Технология дамыған заманда, онлайн концерт ұйымдастырып та, тыңдарманның ықыласына бөленуге болатынын сенімді.
Нұрлан Еспанов, әнші:
- Студияның барлығы қазіргі таңда жабық, сол студияда жұмыс жасайтын азаматтардың барлығы ауылына, үйлеріне кетіп қалған болатын. Сол әуенді диктофонға түсіріп қойып жатырмыз қазір. Сол әуенді құдай қаласа өңдеушіге жеткіземіз. Сөйтіп енді карантин біткеннен кейін қызу жұмыс жасайын деп жатырмыз ғой.
Десе де, Еспанов мырза тыңдарман мен толассыз той-томалақты, түсірілімдер мен қауырт жұмысты сағынғанын мойындайды.
Нұрлан Еспанов, әнші:
- Жұмысты бүйтіп сағынбайтын едік, қазіргі таңда жаман сағынып жатырмыз ғой енді.
Ал q-pop ханшайымы Зируза керісінше жақындарымның жанында болуы, шалқар шабыт сыйлап жатыр дейді. Тіпті, әнші су жаңа тректер жазуға кіріскен.
Ziruza, әнші:
-Шабыт ол әркезде әрқалай. Кейде түнде болып қалуы мүмкін, ұйықтап жатқанжа немесе өз ісіңмен айналысып жатқанда. Ойыңа келіп қалады, сол кезде тез тез жазып алуға тырысамын.