Төтенше жағдай кезінде тойдан қағылған шоу-бизнес өкілдері табыссыз қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тойлар тоқтап, шаралар шегерілген карантин кезінде шоу-бизнес өкілдері нәпақаларынан қағылды. Мұны өнер өкілдерінің өзі де мойындап отыр. Тіпті, енді Баян Алагөзованың «Пышка» картинасының жұлдызы Назеркені базарда сауда сатып жатқан жерінен көріп қалсаңыз, еш таң қалмаңыз!

Баян Алагөзованың бұл картинасы арқылы әп сәтте Назерке Назарованың бағы жанған еді. Бірақ бикеш бүгінде туған жері Ақтөбедегі базарды жағалап, нәпақасын тауып жүр. Елдегі карантин актрисаның де қалтасын қаққан. Кешегі киножұлдыз қазіргі сәтте қарапайым саудагер.

Назерке Назарова, актриса:

- Қайырлы күн достар, егер сіздер пышканың карантин уақытында немен айналысып жатқанын білгіңіз келсе,вуаля... Карантин уақытында мен сіздер үшін қызмет атқарамын. Мен сіздерді тамақтандыру үшін бәрін істеймін. Өйткені мен қазір күріш, ұн, май, шекер Алматы базарында сатамын.

Эстраданың ең эпатажды әншісі Айжан Нұрмағамбетова да төтенше жағдайға мүлде дайын болмаған көрінеді. Сондықтан өнер иесі қаржыдан аздап қиналып жүргенін жасырмады.

Айжан Нұрмағамбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі

- Подушка безопасность деген нәрсе мен естідім. Әр адам өз ақысынан, тойдан алған ақшасын үйде жинап, сонымен үйде отыру керек деп. Сондай подушка безопасность деген менде жоқ.

Карантин кезіне дайын болмағандардың қатарында «Меломен» тобы да бар. Жігіттер тойлардың тоқтап, түрлі кештердің кейінге шегерілгеніне қынжылады.

«Меломен» тобы:

- Тойсыз, концертсіз біз де үйде отырмыз. Біздің де табысымыз тоқтап қалды. Сіздермен бірге күн көріп жатырмыз.

Алайда жігіттер жұмыссыз қалған қара халықтың қамы үшін де қатты алаңдайтын айтады. Меломендіктер «қуанышын бізбен бөлісуге асық халықпен, біз қашанда біргеміз»,- деп көпшілікті сабырға шақырды.