Карантинде үйде жатып жалыққан жұрт, түрлі флэшмобқа қатысып көңілдерін көтеруде. Мысалы, #Рillowchallenge аталатын бастама, жастар арасында аз уақытта кең етек жайып үлгерді. Сәнді челленджің қатысушысы болу оп-оңай. Үйіңізде бар жастықты үстіңізге жапсырып, оны белдікпен бекітсеңіз болғаны.
Инста парақшасында Ресейлік әртістердің қолды уақытылы жуып жүру керегін насихаттаған Тиматидың челленджі де, аз уақытта кеңінен таралып үлгерді.
Пайдалы бастаманы «НТК» арнасы да қолдап, карантин кезінде сақтық шаралары мен тазалықты сақтаудың әдемі үлгісін көрсеткендей.
Ал фейсбук арқылы танылып жатқан «Оқшаулану» челленджін де жақтап жатқандар көп. Бастаманың бір ерекшелігі, үйден шықпай, қолда бар құралдармен әлемге танымал картиналар мен суреттерге косплей жасау. Бүгінде біріншілікті Ван Дейктің «Милосердиесі» алып отыр.
Ал Алекс Родригес пен Дженнифер Лопес мұрындық болған челлендж расында да қазіргі вирустан да тез тарауда. Бұлай боларын бастамашылардың өздері де күтпеген болар. Жарық жанып өшкеннен кейін киімдері ауысып кететін «Flip the switch-ті» бүгінде 7 миллионға жуық адам қайталапты.
Аталмыш челленджді Отандық өнер өкілдері де өздігінен түрлендіріп, жаппай қайталап жатыр. Олардың қатарында: Мейіржан мен Дана, Айжан Нұрмағанбетова мен Алишер Кәрімов және Ақбота Сейтмағанбет пен Дәурен Айдарқұлов бар.
Жеке аралында қарап жатпайын деді ме, Криштинау Роналду да өзінің челленджін бастап жіберді. Ювентустың шабуылшысы карантин кезінде де сымбаттарыңызды сақтаңыздар деген ниетпен, уақытқа пресс жасаңыздар деп тапсырма берді. Әзірге ешкім Криштианудың рекордын жаңарта алмады. Ол 42 секундта 142 рет жаттығу жасап үлгерген.