Санжар Мәди тырнақалды туындысын компьютер мен мобильді қосымшаның көмегімен түсірмек. Актер бұл идеяны танымал режиссер Тимур Бекмамбетовтен алған көрінеді.
Санжар Мәди, актер:
- Бұл фильмді скринлайф жанрында түсіріп көрмекпін. Әрине мұндай фильмдер бізге Тимур Бекмамбетов арқылы таныс. Өздерініңз білетіндей талантты режиссердің бірнеше картинасы дәл осы форматта таспаланған.
Еске салсақ, Бекмамбетов «скринлайф» форматындағы алғашқы жұмысын осыдан бес жыл бұрын жарыққа шығарған-ды. Бұл жанрдың ерекшелігі фильмдегі оқиға желісі тек компьютердің экраны арқылы көрсетіледі.
Санжар Мәди, актер:
- Скринлайф форматындағы туындым – детектив жанрында. Басты кейіпкер жалғыз, әрине оны мен өзім сомдаймын. Өз-өзіңе режиссерлік еткен өте қызық екен.
Санжар фильмді толығымен өз таспаласа да, монтажын кәсіби маманға тапсырмақ. Режиссерлықты қолға алған Мәдиев үшін жаңа жоба үлкен тәжірбие болмақ. Осылайша, актер карантинді шығармашылықты шыңдауға қолайлы уақыт санайды.
Санжар Мәди, актер:
- Үйде отыра бергеннен зерігіп кеттім, бір нәрсе түсіргім келді. Себебі, құр отыра берсең, шығармашылық дағдарысқа тап боласың. Сондықтан, неге ерекше фильм таспаламасқа деп шештім.
Санжар Мәдидің қысқарметрлі картинасы көп ұзамай, ғаламтор желісінде жарық көреді.