Әлемге әйгілі «Forbes» журналы биылғы жылдың отызға да толмаған бай-бағлан жаһандық жұлдыздардың тізімін жариялады. Көштің алғы шебін Кайли Дженнер бастап тұр. Сылқымның жағдайы 1 миллиард долларға бағаланған. 22 жастағы сәнбике өткен жылы өзінің «Кylie cosmetics» компаниясының 51 пайыз акциясын сатып, 600 миллион пайда көрген. Бұл көрсеткіш биыл екі есеге артқан.
Ал екіншілікті әпкелі-сіңлілі Александра мен Катарина Андерсен еншілейді. 23 пен 24 жастағы сылқымдар Норвегиялық «Ferd» /фағд/ компаниясы инвестициясының 42 пайызына ие. Бұл жобаның авторы сұлулардың әкесі. Андерсендердің әрқайсысының жағдайы 1,1 миллиард долларға бағаланып отыр.
Тізімді әрмен қарай: Бразилиялық медкомпанияның негізін қалаушы, 29 жастағы Педру Де Годой Буэно жалғайды. Оның жағдайы 1,1 миллиард доллар. Ал немістің «Draexlmaier» компаниясының бас директоры Лиза Дрэксльмайер 1 миллиардқа бағаланған байлығымен тізімді түйіндеп тұр.