Мәди Рымбаев карантин кезінде ұялы телефонға таспаланған кезекті бейнебаянын ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мәди су жаңа клипіне «Сөнбес» трегін таңдапты. Онда қыз бен жігіттің махаббат хикаясы баяндалады. Бейнебаянда басты рөлді сомдаған Рымбаев, туындыны түсіруді де өз қолына алған. Видео бастан аяқ кәсіби мамандардың көмегінсіз, қарапайым телефонға таспаланған.

Мәди Рымбаев, әнші:

- Реализмге жақын, өйткені бұл съемкада камерада болған жоқ, постановкада болған жоқ. Жоқ постановка болды, ешқандай камера болған жоқ, аппаратура болған жоқ. Жәй ғана айфонды алып екеуміз, серуендегенде түсірген болатынбыз.

Мәдидың айтуынша ерек туынды оның алғашқы махаббатына арналған. Осылайша карантинды кедергі көрмеген жас әнші, керісінше қазіргі сәтті бейнебаян шығаруға қолайлы сәт санайды.

Мәди Рымбаев, әнші:

- Енді халық қазір үйде отыр, телевизор көп қарайды. Интернетте көп отырады. Сол халық үшін біз енді контент жасап, кішкене қызық болсын деп оның бәрін жасап жатырмыз, тыңдармандар үшін.

Төрт қабырғаға қамалған Мәди енді бос уақытын шығармашылығына арнамақ. Жуырда ғана ол «Сол үшін» атты дебьюттық альбомын жарыққа шығарған еді. Ал ондағы «Ізде» трегіне өнердегі әріптес достары Kyle ruh және Soulbirkez-бен каллобрация ұсынды.

Мәди Рымбаев, әнші:

- Бұл трио тез пайда болды негізі. Өйткені біз, Кайли екеуміз студияда отырғанда демканы жаза бастағанда, өлең тез шығып кетті. Артем досымыз өзіңіз білетіндей карьерасын тоқтап тастады. Бірақ оған қарамастан, бізге енді триоға қатысып кетті.