Күні кеше Надежда Бабкина жедел жәрдеммен жеке клиникалардың біріне жеткізілді. Әншіге «екі жақты пневмония» диагнозы қойылыпты. Таңға жуық жағдайы нашарлап кеткендіктен, оны жасанды комаға ауыстырған. Артынша бірінші тесттің жауабы Ресей халық әртісінің коронавирусқа шалдыққанын көрсеткен. 70 жасқа жақында толған Надежданың бүгінде жағдайы ауыр.
Лиам Хемсворт Батыстық БАҚ-қа берген сұқбатында Майли Сайруспен ажырасқаннан кейін, оны ауыр күйзелістен не құтқарғанын айтты. Лиам актрисаны ұмыту оңай болмағанын, тіпті сылқымның кесірінен жаман әдеттерге әуестеніп кеткенін жасырмаған. Хемсворт бір сәтте өзін қолға алу керегін түсініп, спортқа бет бұрған. Күнінің ден бөлігін денсаулығына арнап, мазмұнсыз махаббатын ұмытыпты.
Анна Курникова елден біраз уақыт бойы жасырған сәбиінің суретімен желіде бөлісті. Естеріңізде болса, Энрике Иглесиастың жары жүктілігін жұрт назарынан тасада ұстап, бәрін аса құпия сақтаған еді. Ал бүгінде жұлдызды жұп екі айлық қыздарының суретін инстаға жиі жүктейтін болған. Жанкүйерлердің пікірі екіге бөліген. Бірі нәресте испандық әншіден аумайды десе, бірі анасының аузынан түсіп қалған деп жатыр.