Төтенше жағдай шоу-бизнестегілерді де есеңкіретіп тастағаны рас! Алайда, дәл осындай қиын-қыстау кезеңде эстрадамыздың бірқатар білектілері әскери міндетін орындап, қоғамға пайдалы болуға асық. Мәселен, соның бірі -«Ринголық» Аян Бірбаев: «отан алдындағы борыштан қашу ер азаматқа үлкен сын»,- дейді.
Аян Бірбаев, «RINGO» тобының әнші:
- Қазақстан еліміздің азаматы болғандықтан, біз өз борышымызды өтеу керекпіз, иә. Егер кәдімгідей қазір керексің, сен кел деген жағдайда міндетті түрде барамын. Бұйырып жатса міндетті түрде барамын. Одан қашып тығылатын ештеңесі жоқ.
Ал «Жігіттер» тобының белді әншісі Ердос Қанаевтың шашын тақырлап алып тастағанын көпшілік көппен бірге сапқа тұруға дайындық деп топшылады. Алайда иммиджымды өзгертуге бұл себеп емес деген ол, қарулы күштер қатарын көбейтуге құлықты.
Ердос Қанаев, «Жігеттер» тобының әншісі:
- Осындай ерікті әскери шақыру ретінде осындай жаңағы халыққа үндеу жариялады ғой. Әрине, егер шақырып жатса, мен баратын едім. Постта тұру болсын, ел үшін, жер үшін, елдің қамы үшін, оның ішінде өзімнің отбасым да бар. Отбасы бала-шағам үшін, жалпы сол неге шақырса мен баратын едім.
Лидия Кәденнің жалғызы болса, кезінде Отан алдындағы борышын өтеуге талай талпынған. Сондықтан да, серінің соңғы үміті еріктілер қатарына ену.
Дидар Кәден, әнші:
- Екі-үш рет барып, жаңағы медкомисиядан өтіп, әскери бару туралы қағазын ала алмай қайтқан болатынмын. Әрине, тауық сойса да қасапшы сойсын дейді ғой. Әр адамның өзінің айналысатын ісі болады ғой, қолынан келетін. Бірақ енді құдай сақтасын, ел басына күн туса, әрине мектепте оқығаным бар, көргенім бар, сәл ғана окоптан басымды шығарып, «келятр» деуге де шамам жетеді ғой негізі.
Осылайша, Дидар ештен кеш жақсы деп, барша әскерге бармаған өнердегі әріптестерін осы мүмкіндікті пайдалануға шақырды.