Димаш Құдайберген Қазақстанда карантинді қалай өткізуде?

Сообщить о проблеме с эфиром

Күллі әлемге тараған атағы болса да, қарапайымдылықтан қашықтамаған Димаш Құдайберген бұл жолы да жұртты таңғалдырды. Әнші 100 мұқтаж отбасыға 5 тонна азық-түлік жіберткен. Димаш алғашқы қажеттіліктерді Нұр-сұлтан және Ақтөбе тұрғындарына жіберуді жөн көріпті.

Құдайберген-тегінің қайырымдылығы құпия болып қалар ма еді. Өйткені өзі бұл жайында жан баласына тіс жарып айтпаған. Ақпаратты Ақтөбе филармониясының директоры инста парақшасына салғаннан кейін, ел Димаштың жасаған игі ісі жайлы біле бастады. Естеріңізде болса, әнші карантин кезінде үйде отыруға шақырып, «денсаулықтарыңызды күтіңіздер» деп өтініш айтқан болатын.

Отандық өнер өкілдерді де Димаштың ісін дөңгелетіп, қайырымдылықпен айналысуға жаппай кірісіп жатыр. Мәселен, Бүркіт енді бір ай бойы мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратпақ ниетте. Әнші қазірдің өзінде 50 отбасыға қажеттіліктерін жеткізіп отыр екен.

Ал мұхиттың арғы жағындағы жұлдыздар әлдеқашан қайырымдылықпен айналысуға білек сыбана кірісіп кеткен. Мәселен, «коронавируспен қарсы күрес ұйымына» Леонардо Ди Каприо, Опра Уинфри 12 миллион доллар аударған. Одан бөлек, Блейк Лавли мен Райан Рейнольдс пандемия кезінде азық-түліксіз қалған отбасыларға 1 миллион доллар бөлген. Хью Джекман да қарап қалмай, өзі туған Австралиядағы Сидней қаласының зардап шеккен тұрғындарына 2 миллион доллар қаражат жіберген.