Карантинға қарамастан «EQ» тобы су жаңа альбом ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«EQ» тобы да келешекте «iTunes» чартында топ жаруға ниетті. Жігіттер карантинге қарамастан, тыңдарманына су жаңа альбомын ұсынды! Кью-поп өкілдеріне тың туындыны жарыққа шығарға жаһандағы жағдай әсер еткені рас па?

«EQ» тобынан су жаңа альбом! Жігіттер жершарын жайлаған коронавирусқа қарамастан, тың туындыларын ұсынды. Q-pop өкілдерінің «2х2» атауына ие болған кезекті үнтаспасы жарық көрді.

«EQ» тобы:

- Негізінен оған андай бір керемет бір атау қойып, не істегіміз келді. Бірақ бұл әндер, дәрумен альбомының жалғасы болып есептеледі негізінен көптеген әндерді байқайтын болсақ, бір хикая бар белгілі бір.

Екьюліктердің аталмыш жинағы «Тоқтай алмаймын», «Дауыл», «Қалсын осылай» және «Үйде кім бар» атты 4 тректен тұрады. Композициялардың тұсауы күні кеше кесілгенмен, оларды дүниеге әкелуге біраз уақыт жұмсалған көрінеді.

«EQ» тобы:

- Негізі тректердің өзі әр түрлі уақытта жазылған. Тіпті екі жыл бұрын, үш жыл бұрын өтіп кеткен әндер қазір енді шығып жатыр. Жоспар бойынша негізінде, біз осыдан бірнеше ай бұрын шығу керекпіз. Бір ай бұрын ба да. Белгілі бір себептерге байланысты ол шықпай қалды.

Есесіне, жігіттер карантин кезін кезекті альбомды жарыққа шығаруға қолайлы уақыт санапты.

«EQ» тобы:

- Барлығы қазір, көбісінің назарында, әлемде болып жатқан нәрселер, біз енді ол нәрсені өткізіп тастай алмау мүмкін емес. Сондықтан да, әркімнің көкейінде әр түрлі нәрсе. Қазіргі таңда көптеген отзывтар тыңдадық. Барлығы жақсы пікірлер қалдырып жатыр. Кері пікірлер де бар.

Пікірлер арасында, «жаңа әндердің қауіпті індетке қатысы бар ма?», – деп сауал жолдағандар да жетерлік. Коронавируспен байланысты болмаса да, көңілі түскен тыңдарманды әндерімізбен қуантуды міндет санадық», - дейді екьюліктер.

«EQ» тобы:

- Баяғыдан келе жатқан жоспар. Біз баяғыдан жұмыс жасап келе жатқан адамдармыз осы салады. Сондықтан да ондай хайп қуып, немесе тағысын тағы нәрселерді қуып, ондай ойымыз жоқ. Білуімше, Қазақстан бойынша алғаш альбомдардың бірі болып есептеледі.