Кира Найтли басты рөлдердің бірін сомдайтын «Шараның шырқын бұзамыз» картинасы көрерменге жол тартпақ! Фильмнің Лондондағы тұсаукесеріне әйгілі актриса бастаған күллі киногерлер жиналды.
Кира Найтли, актриса:
- Мен үшін 20-шы ғасырдағы феминизм тақырыбы әрдайым қызық болатын. Қуанышыма орай, аталмыш лентаға түсуге шақырту түсті. Меніңше әйелдер хикаясы көрерменге жол тартуы тиіс.
Шынайы оқиға желісімен таспаланған аталмыш лента 1970 жылы өткен әлемдік сұлулық сайысы туралы. Еске салсақ, әсемдік конкурсына феминист Салли Александер жақтастарымен бірге баса көктеп кіріп, шараның шырқын бұзуға тырысады. Олардың пікірінше, бұл байқау әйелдерді қорлау болып саналады.
Феминистік лентаның тізгіні де режиссер бикеш – Филиппа Лоуторпқа бұйырған еді. Киногер әлемге әйгілі «Корона» телехикаясы арқылы кеңінен танымал.
Филиппа Лоутроп, режиссер:
– 1970-ші жылы өткен сұлулық сайысы есімде жоқ. Себебі, мен ол кезде небәрі жеті жаста едім. Бірақ, сол кезеңді шынайы көрсету үшін барымды салдым.
Ал аталмыш лента сәуірдің 23-нене бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!