Селена Гомес тағы күйзеліс шырмауына түскен! Әнші Джастин Бибермен айырылысқаннан кейін, фобияның жаңа түріне ұшырапты. Екі жылдан бері ешкіммен қарым-қатынас құра алмай келе жатқанының бірден-бір себебі де осында екен. «Өзімді енді ешкімге керек еместей сезінемін», - деген Селена, Нью-Йорктың «мен, мен» деген психологтарының қабылдауына жазылып, ем қабылдап жүргенге ұқсайды.
***
Дженнифер Лопес соңғы сұқбатымен көп жанкүйерін қуантып қойды. Голливудтық жұлдыз үшінші мәрте ана атануға дайындалып жүргенін айтып сенсация жасаған. Жоқ-жоқ әнші ауыраяқ емес, бірақ кезекті рет қызды болуды қалайды екен. «Елуден кейін жаңа өмір басталады», - деген Джей Ло, «көп ұзамай тыңдармандарымды қуантамын», - деп сөзін екіұшы аяқтаған.
***
Чарли Шинаның үсітнен «педофилия мен зорлық» бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. 48 жастағы актер осыдан 29 жыл бұрын «Лукас» фильмінің түсірілім алаңында, 16 жастағы Кори Хэймге қорлық көрсетті деп айыпталуда. Әзірге Чарлидың өзі де, қорғаушысы да осы айтылғандардың бәрін жоққа шығаруда.