Сүйіктілеріне ән арнап жүрген жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кездері отандық шоу-бизнес өкілдері арасында сүйіктілеріне тың туындыларын тарту ету трентке айналғандай! Мысалы, Дастан Оразбеков шаңырағының шаттығы мен ұйықтысы Жанат ханымды ойда-жоқта бейнебаянға таспалаған.

Дастан Оразбеков, әнші:

-Бұл тенденцияны бастаған бірден бірі мен деп ойлаймын, оның үстіне мен көрсетейін деген ой емес. Жұмыс барысында болған дүние. Менің ең алғашқы әнім, тамшылар деп аталады. Ол бірақ еш жерде жарық көрген жоқ. Еш жерде жазылмаған. Өзіне ғана орындап бергем.

Ал Айқын Төлепберген әуелі Сосо Павлиашвилимен бірлесе таспалған клипте алғашқы махаббаты Әселді көрсетсе, кейіннен екінші жары экс-Кешюлік Жұлдызға екі бірдей ән арнады.

Серік Ибрагимовтың «Айнамкөз, гитарамды берші маған» трегі де ел аузында! Жұбайының есімі аталғанмен, ән Ибрагимовтың жарына арналмаған болып шықты. Десе де, Серік өзге туындыларының барлығын балаларымның анасына тарту етемін дейді.

Серік Ибрагимов, әнші:

-Әндердің барлығын түбегейлі жұбайыма арнаймын ғой. Себебі, біреудің әніне ән арнамайтын шығармын, біреудің қызына, немесе басқа бір қызға деген сияқты. Жұбайларына ән арнап жүрген әнші қауымдарға айтатыным менде бір шаңырақты шайқалтпай ұстап отырған, от анасы, бала-шағалардың жаңағы анасы арнамаса...

Композитор Сейфуллин Жолбарыс болса, ән арнап үйдегі жеңгемізді енді таңдандыра алмайтынын айтады. Сондықтан өнердегі інілеріне «арнауды сирек жасағанда ғана қадірі болады»,- деп кеңес берді.

Сейфуллин Жолбарыс, әнші, сазгер:

- Енді целый альбом арнап тастадық қой, қазір қатты қызық деп ойламаймын оған. Қайтадан тағы да ән шығардым, ән шығардым дей берген оның мағынасы кетіп қалады деп ойлаймын. Сондықтан арасында пауза ұстап тұру керек та.