Баян Алагөзованың «Я Пышка» фильмі отандық прокатта көш бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық кинопрокатта кассалық табысымен топ жарған туындылар тізімі анықталды! «Ticketon.kz» сайтының мәліметінше, өткен уик-эндте «Я пышка» лентасы көш бастады!

Баян Алагөзованың су жаңа фильмі айналымдағы алғашқы аптада 68 млн теңгеге жуық пайдаға кенелді. Картинада артық салмақпен күресетін томпақ қыздың оқиғасы баяндалады.

Фэшн тақырыпты арқау еткен тың туындыда сондай-ақ Тәуекел Мүсілім, Жәния Джуринская басты рөлді сомдайды. Ал, аталмыш картинаның идеясы отандық дизайнер Назым Қарпықоваға тиесілі.

Әйгілі актер Джим Керри басты рөлді сомдаған «Соник» картинасы 39 млн теңгемен екінші сатыда. Фильм өзінің жылдамдығымен танылған «SEGA» ойындарының кейіпкері – кірпі туралы.

Ал, алып күшке ие Сониктің қасиетіне зұлым дәрігердің көзі түсіп, ол тіпті, кірпіні қолға түсіру үшін әлемге қауіп төндіреді.

ТОП-үштікте «Джентельмендер» детективті комедиясы. Әйгілі режиссер Гай Ричи таспалаған лента өткен демалыста 16 млн кіріс көрді.

Атыс-шабысқа толы туынды есірткі тасымалдаумен айналысатын бизнесмен туралы. Ол өзінің қулығының арқасында ақсүйектерді алдап кетпек. Алайда, серінің бұл әрекетін детектив әшкерелеп, бөгет жасамақ болады.