Көктемнің алғашқы мерекесі жақындаған сайын ер азаматтардың сыйлық іздеп шарқ ұрары түсінікті. Алайда, киногер Нұртас Адамбай болса, биылғы 8 наурыз мерекесінде үйдегі арулар үшін қалтаны да, жүйкені де жұқартып әуре болмаймын дейді.
Нұрсұлтан Есжан, @nursultan_yeszhan:
- Нұреке, қыздарды халықаралық 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз және еске түсіреміз. Қыздарға сіз сыйлаған ең бағалы, құнды сыйлық не?
Нұртас Адамбай, актер, продюсер:
- Биылғы 8 наурызда барша қыз-келіншекке мен «Келинка Сабинаның» үшінші бөлімін сыйлаймын. Менен ең керемет сыйлық осы болмақ.
Продюсер әрі көпбалалы әке Қыдырәлі Болман да, Қарақат ханымды қолжетімді әрі ерекше дүниемен қуантпақ. «Қақатыма тартуым әлдеқашан дайын» деген өнер иесі, Әбілдина ханымның Қыдекеңнін сыйлығына риза болатынына кәміл сенімді.
Қыдырәлі Болман, продюсер, «Құрмет» орденінің иегері:
- Қарақатқа бір оригиниально не істесем екен деп. Қабырғаға алдымда «Жаным сол, Қақатым мен сені жүрегіммен сүйемін» деп жаздымда, точкасын қойдымда, видеоға біреу түсіріп тұрды, бірақ Қарақат соған бес қоятын сияқты.
Алайда, жігіттер қауымының сүйіктімнің көңілінен шықсам деген үміті ақталмай жататын сәттер де болады екен. Мәселен, Батыр Байназаров үшін аталмыш мереке сәтсіз оқиғасының естелігі іспеттес.
Батыр Байназаров, әнші:
-Сыйлық сәтсіз деп айта алмаймын, бірақ күнім сәтсіз болды. Соңғы ақшамды жинап, мамадан сұрап, әпкемнен сұрап отыз үш розаға ақша жинап, соны сатып алып бердім. Сыйладым, сыйлағаннан кейін ол жоқ деді. Барып 1-2 сағат жыладым жаңбыр астында. Қойш? Ия.
Жеңісхан Момышев болса, өзін Батыр секілді жомарт жігіттердің қатарына қоспайды. Режиссер тіпті бұл мерекені мойындамайтынын айтып, таңқалдырды.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
-Мен вообще 8 наурызда подарка сыйламаппын. Ол негізі орыстардікі деп қатты жасамаймыз. Бірақ ана ретінде қатты жақсы көрем ғой.
Дәл осылай Жеңісхан, «анаға деген махаббат сыйлықпен өлшенбейді», -деп құтылды.