Көктемнің алғашқы мейрамы – 8 Наурыз жақындап, барлық мекемелерде думанды мерекелік іс-шаралар өтуде. Бүлдіршіндер ән айтып, мың бұрала би билеп аналарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Балақайларының құттықтау тілектеріне танымалдар да мәз болуда.
Мәселен, Мәдина Сәдуақасова желіге ұлының ертеңгілік қойылымында жүргізуші болып қана қоймай, жұлдызды анасына тақпақ оқыған сәтін жүктеп көпшілікті сүйсіндірді. Өз қолымен жасаған сыйлық та ана жүрегін елжіретіп жіберді.
Сәдуақасованың ұлымен бірге Ринголық Аян Бірбаевтың тұңғышын да байқап қалдық. Жұлдызды балалар тіпті дос болып үлгерген...
Бүгінде «Блэк Стар» лейблінің солисті Назима да кестігерінің жетістіктерімен мақтанды. Кішкентай Амелия анасы мен нағашы әжесінің суреттерін жабыстырып, құттықтау тілектермен гүл жасаған.
Ал тележүргізуші әрі дизайнер Динара Сәтжанның кенжесі Диана анасына өлең оқып берді.
Сәтжанның тұңғышы да танымал анасын таңқалдыруға барын салуда. Даниал аруларға арнап қызғалдақтардан өз қолымен гүл шоғын жасап қана қоймай, алдағы уақытта осы кәсіппен айналыспақ көрінеді.