45 жасқа толған Мәдина Балғабаева қонақтарын немен таңдандырды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тележүргізуші Мәдина Балғабаева туған күнін атап өтті! 45 жасқа толған бикеш төл мерекесіне орай жайылған ақ дастархан басына тек танымал құрбылары мен ет жақындарын жинаған. Қуаныш иесі кеште Леонид Жеребцовтың коллекциясынан әуелі ақ, сосын қара түсті көйлек киіп, келген қонақтарды таңқалдырды.

Ал Кәмшат Жолдыбаева қазнет қолданушыларын тағы да ашуландырып алды. Жалаңаштануға жаны құмар әнші, бұл жолы кеудесін ашқаны үшін сынға ілікті. Тіпті, желі қолданушылары соңғы уақытта сылқымның есімін көпшілік тек «эротика» сөзімен байланыстыратын айтып, ашынатынын жазған.

Украина сахнасында тағы бір қазақ жарқ етті! «Голос.Дети» музыкалық жобасының 7 ші маусымында Ақтөбелік 14 жастағы Миржан Жидебай әділ-қазылар алқасының мақтауын естіді. Бейонсенің танымал «Listen» әнін орындап, Полина Гагарина мен Бастаны өзіне қарата алған жерлесіміз енді аталмыш шоуда ары қарай бақ сынамақ. Еске салсақ, Миржан жетекшісі ретінде Полина Гагаринаны таңдаған еді.