Соңғы уақытта үлкен сахналарда төбе көрсетуді сиреткен Мереу Арынбаев тыңдарманын сағындырып жүргені бар. Бұл орайда, өнер иесінің өзі неліктен көзге көрінбей кеткенін түсіндірді.
Медеу Арынбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Концерт атты болса шыға беру мақсат емес. Концерттің де концерті бар.00-32 бірақ мен сараптап шыққанды жөн көремін.
Сахнада жүргеніне 30 жылдың жүзі болған Арынбаев мырза шығармашылық кешіне дайындықты бастап кеткен. Қазақ эстрадасының мэтры жиі көрінбеуінің себебін осымен де байланыстырды.
Медеу Арынбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Ең бастысы әріптесімнің алдында өзіме есеп беру шығар мүмкін. әкімшіліктің эстрада-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен болады бастан аяқ. Ешқандай жазба, минусовка деген де болмайды.
Ширек ғасырдан аса қазақ өнеріне қызмет етіп келе жатқан ерекше дауыс иесі алдағы уақытта өзінің кей замандастары секілді мелекеттік қызметтен көрмейтінін алға тартты.
Медеу Арынбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Шақырылмады емес, астарлап бір болған. Жоқ, мен оған бармаймын. Өйткені егер үлкен мекемеге ұстаз боп баратын болсаң да өнеріңді екінші шекке қойып қоясың. Жоқ, мен әлі берілмеймін.
Әншінің өнерімен қатар, жеке өмірінен өзгеріс күтетін жанкүйерлері де жоқ емес. Осыдан 10 жыл бұрын сүйікті жарынан айырылған Медеу мырзаны тіпті үйдегі қос құлыншағы да екінші рет үйлендіре алмай жүр. Арынбаевтың өзі жалғыздықтың жүгін көтермей, екінші көктемін кездестіруге кетәрі емес.
Медеу Арынбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Өзі Алла тағала кездестірер. Жүрегімнің өзі белгі берер өзімнің келбетіме жарасымды болу керек шығар енді, менен екі есе салмағы артық болмауы керек шығар мүмкін. Енді менің жұбайым марқұм Айгүл солай еді. Мен әуестенетін жастар, қыздар, қыз келіншектер жоқ емес. Бірақ олар болмайды.
Сондай-ақ, бүгінде ер жетіп, студент атанған өнер иесінің ұл-қызы танымал әке артында жасырынып қалуға тырысатын көрінеді. «Ел аузында болуды балаларым ұнатпайды»,- дейді ол.
Медеу Арынбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
-Аса жарытпайды, мен де кейде көрсетіп, мақтанғым келеді. Менің де бүкіл жетістігім, бар жетістігім менің өнерімдегі жетістігім емес, менің бар жетістігім ол - Дәулетім мен Даянам. Жақында көріп қаласыздар бір ролик түсіріледі, сол кезде менің ұл қызым қасымнан табылады.