Соңғы кездері Айқын Төлепбергеннің жары Жұлдызбен қарым-қатынасы қиындағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

НұрсұлтанЕсжан, тележүргізуші:

-Отбасы арасындағы келіспеушіліктер, ұрыс-керіс және ажырасу! Міне дәл осы тақырыптарды негіз еткен «Гудбай, мой бай» картинасының екінші бөлімі жарық көрді! Комедия жанрындағы тың туынды несімен ерекшеленбек? Мұны әдеттегідей бірге білеміз...

Өнер жұлдыздары түгелдей бас қосып, тағы бір кезекті картинаның премьерасына жиналды! Кештің басты кейіпкерлері - «Гуд бай, мой бай 2» фильмін таспалаған КВН майталмандары. Еске салсақ, Сәбит Рахимбаев пен Даут Шайхисламов 2018 жылы аталмыш лентаның алғашқы бөлімін ұсынған еді.

Сәбит Рахимбаев, актер, продюсер:

- Сәбит тұсаукесер құтты болсын екінші бөлім! Бірінші бөлім, өте сәтті шықты ау деймін?

- Бірінші бөлім үмітімізді ақтады. Бізде киногерлер арасында егер фильм табысты болса, жалғасын таспалайтын дәстүр бар.

-Құпия болмаса сіздердің бірінші бөлімдеріңіз қанша кассалық табысқа кенелді?

- Шынымды айтсам жасыратындай емес. 300 млн теңгеден аса кіріс көрдік. Бұл бізді шабыттандырды.

Су жаңа комедияның сюжеті отбасы ішіндегі түсініспеушілікті негіз еткен. Жақыныңды бағалау, оған сенім арту сынды жанұлық құндылықтарды дәріптейтін фильмнің сценарийі шынайы оқиғаға негізделген.

Даут Шайхисламов, актер:

- Бұл фильм, басқа фильмнен несімен ерекше?

- Әзіл өте көп және басты кейіпкерлердің хикаялары одан ары шиеленісе түседі. Барылығымыз енді әке атанамыз деген сияқты.

- Өмірден алынған ба бұл кино?

- Арасында біздің де өмірімізден алынған хикаялар. Бірақ біз оны ашып айтпаймыз. Көрермен өзі көріп, ой түйсе болады.

- Өмірде ұрыс-жанжал сондай жағдайлар түсініспеушіліктер орын алған кезде, қалай шешесіңдер оны өмірде?

-Өмірде?

-Кім бірінші қадам жасайды?

- Бірінші болып кешірім сұрауды ұят көрмеймін. Егер сен расымен жақсы көрсең, қарым-қатысыңды сыйласаң, онда тұрған ешнәрсе жоқ.

Ал аталмыш лентаның екі бөліміне де Анвар Матжанов режиссерлық еткен еді. Киногер бұл туындының көрерменге берері мол деп отыр.

Анвар Матжанов, режиссер:

- Неге көрермен «Гуд бай мой бай» фильміне келу керек?

-Неге келу керек, болғанда келіп обязательно көру керек себебі, бұл кино басқа біздің қазақстандық киноларға қарағанда тәрбиелік мәні бар фильмы. Бұл кинода көрермен негізі күледі, бірақ кейбір жерлерде ойналады. Кейбір жерлерде жылауы да мүмкін.

Дәл осы «Гуд бай мой бай 2» фильмін алғаш болып тамашалаған Айқын Төлепберген өзімді кинодан көргендей болдым дейді. Әнші тіпті, жары Жұлдызбен арадағы келіспеушіліктер болатынын да жасырмай айтып берді.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Отбасылық кикілжіңдерге арналған ғой бұл фильм «Гуд бай мой бай».

- Ия, те қызықты, жаңағы қайтадан үйлендіріп, қайтадан ажырастырып. Егер, бұл киноның екі адамның қосылуы туралы түсіргенде мүмкін ол сондай популярный болмайтын еді. Ажырасу туралы.

- Өздерің енді, отбасында мәселелер туындап қалған кезде қалай шешесіңдерь әдетте?

- Әдетте мен шешемін. Точкасын қоямын. Әдетте мен бүйтемін да, если есть проблема давай оны шешейік деймін, шешілмесе ол ойлап қажеті жоқ деп.

Ал отбасылық комедия 20-сы ақпаннан бастап үлкен экрандарға жол тартады.