Лондонда «Brit Awards» марапаты табысталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Британдық бомондтың ығайы мен сығайы Лондон қаласына жиналды! Дәстүрге айналған Brit Awards осымен қырқыншы мәрте қызыл кілемін төсеп отыр. Музыкалы марапаттың басты мақсаты – ең үздік орындаушыны анықтау.

Биылғы бас жүлде – «үздік әйел орындаушы» жүлдесі Mabel-ға табысталды. Ерлер арасынан мықты музыкант атану рэпер Стормзиге бұйырды. Еске салсақ, өнерпаз өткен жылы да «үздік орындаушы» атанған еді.

Жыл басталмастан, өз қоржынын бірнеше марапатпен толықтырған Билли Айлиш те бұл кеште елеусіз қалмады. Жас әнші «халықаралық үздік әнші» мүсіншесін еншіледі.

Билли Айлиш, әнші:

-Құдайым ау, сене алар емеспін! Ең алдымен, менің өнерпаз атануыма Лиззо, Ариана, Камила Кобейо сендер әсер еттіңдер дегім келеді. Лондон менің екінші отаныма айналғаны қашан. Халидке, күллі командама, ағама, ата-анама алғыс айтамын!

Жігіттер арасынан бұл жүлдені Биллборд муызкалы чартынан түспеген Tyler, The Creator иемденді.

Tyler, The Creator, әнші:

- Маған көмектесіп, қол ұшын созған әрбіріңе рахмет. Сендер менің жүрегімдесіңдер. Бес жыл бұрын дәл осында келу ойымда да болмаған еді. Бүгінде міне, алдарыңда тұрмын.

«Жаңа есім» номинациясы бойынша, Льюис Капальди оза шапты. Ал оның «Someone You Loved» трегі жыл әні аталымына лайық деп танылды. Мұндай қошаметке ие болған өнерпаз, қатты толқығандықтан сахнаға шығып, не айтарын білмей дал болды.

Мүсіншелер өз иелерін тапқан соң, көңілді кеш Гари Стайлздың әсем әнімен жалғасты.