Әли Оқаповтың жүрегі жаралы! Әнші өзі ғашық болған ару үшін бұзықтық жасағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тележүргізуші:

- Қазір мен қараңғы қоймалардың біріндемін. Сағат түңгі он екі. Әли Оқапов мұнда ет жақындары мен өнердегі достарын жинап, кезекті бейнебаянын таспалап жатыр. Осы жердің ауқымына қарағанда, өнерпаз ерекше туынды әзірлеп жатқан сыңайлы.

Спорттық көлік, мотоцикл және брейк-данс билейтін жастар! Өзінің «Бұзық» атты трегіне клип түсіру үшін дәл осындай локация таңдаған Әли Оқапов күннің суығына қарамастан қызу жұмысқа кіріскен.

Әли Оқапов, әнші:

- Әли кеш жарық! Бізде енді ерекше локацияда кездесіп тұрмыз, осы жерді таңдау кімнің идеясы болды.

- Әрине режиссердікі, режиссердың тарапынан ұсыныс келді.

- Шатаспасам үш клипті клбута түсірдіңіз, «Жаным сәлем», «Уайымдама», «Биле» деген. Бүкіл бейнебаяндарым бір-біріне ұқсап кетеді деп уайымдамайсыз ба?

- Жоқ, о да тұрған ештеңе де жоқ. Мысалы бір жағынан өйткені олардың бір-біріне ұқсағандығы ол бір қолтаңбаның бар екендігі, стильдің бар екендігі. Екіншіден, менің мақсатым осы локация немесе бейне арқылы таңқалдыру емес, мазмұн бойынша таңқалдыру.

- Ал, мына бейнебаян несімен ерекше?

- Біріншіден әннің өзі ерекше. Өйткені әннің атауы «Бұзық». Сондықтан атауға байланысты түсінікті шығар не жайлы «бұзықтық» жайлы.

- Ал өмірде осындай бір бұзық әрекет қыз үшін жасаған сәттер болды ма?

- Енді өтпелі кезеңде болған әр түрлі нәрселер, айтуға ұят.

Әли Оқапов кезінде бастан өткен махаббат хикаясын өзінің кезекті клипінің сюжетіне негіз етіп алған-ды. Музыкант бейнебаянда ғашығын сомдау үшін өнердегі досы Бибігүл Ақтанды шақырған.

Бибігүл Ақтан, актриса:

- Бибигүл менің естуімше сіз осы клиптің басты кейіпкерісіз? Өз образыңыз туралы айтып берсеңіз?

- кейіпкерім , өзінше, дөрекі қыз десем де болады. Алғашында Әлиге қарамай қояды. Әли сол қыздың жүрегін жаулау үшін барын салады.

- Ал, экрандағы образ өмірдегі образбен сай ма?

- Өмірде мен өте қарапайыммын.

Су жаңа бейнебаянының түсіріліміне кіріскен Әлиге бұл кеште ет жақындары мен әріптестері көмекке келді. Оқаповтың шашбауын көтеріп жүргендер арасында Мәди Рымбаев та бар.

Мәди Рымбаев, әнші:

- Мәди, Әлидің бейнебаянында түсіп жатырсыз ба?

- Массовкада көмектесіп жатырмын. Қазір хореография кезінде мүмкін қазір брейк-данс бір нәрсе билейтін шығармын.

- Ағаңызға осылай жиі қолдау көрсетіп тұрасыз ба?

- Енді, барлық клиптарында болдым деп айта алмаймын. Бірақ қөбісінде көмектесуге массовка ретінде келемін.

- Ағаңыз сізге тура осындай қолдау көрсетеді ма?

- Музыка жағынан болса біз көп ақылдаспаймыз. Өйткені біздің қазір музыкамыз өте әр түрлі болып кетті. Бірақ талғамымыз бір. Оның шығармашылығына деген ешқандай ақыл немесе кеңес бермеймін. Өйткені оның тәжірбиесі менен де көп. Екеуміз бөлек жүреміз.

Әли Оқаповтың шығармашылығындағы жаңалықтар бұл ғана емес. Әнші таяуда ғана 8 жыл бойы бірге жұмыс істеген директоры Ерлан Алимовпен қош айтысты.

Дидар Кәден, әнші:

-Енді баршамызға мәлім, Әли Ерланмен өзінің жұмысын тоқтатты. Бірақ енді себептерін не екенін білмеймін. Жаңа директоры бар Әлидің.

Осылайша, өстім, өндім деген Әли Оқапов Алимовтен жеке кетуді жөн көрген. Бұл шешімге қатысты қос тарап ашып айтпаса да, инстаграмда бір-біріне алғыс білдіріп, арнайы пост жариялаған еді.

Ал Әлидің Ерлан Алимовсыз түсірген тұңғыш бейнебаяны наруыз айында жарық көрмек.