Отандық шоу-бизнесте құрбылар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жәния Джуринская сынды өмірдегі достықты шығармашылықпен тоғыстырып жүрген танымалдар жетерлік! Солардың бірі – Қарақат пен Мәдина. Сахнада да қол ұстасқан қос құрбы өмірлік сырлас, мұңдас жандар екенін әсем әнмен жеткізген еді.

Талай жыл дос болса да, сахнада бірге ән шырқау тек өткен жылы бұйырған Мақпал Исабекова мен Луина, ендігі бұл коллаборациямен тоқтап қалмақ емес.

Мақпал Исабекова, әнші:

- Дуэттің идеясымен Луина келді маған. Осындай ән бар неге дуэт жазбасқа дегеннен кейін. Енді әрине, Луина екеміз өмірде дос болғаннан кейін ол бізге жаңағыдай бір, тағы да бір мүмкіндік болды да. Бірге уақыт өткізіп, бірге дайындалып, жаңағы ойластырып, творчествалық ізденісте жүріп.

Мақпалдың өнердегі құрбысы Дильназ Ахмадиевамен де дуэті бар. Осыдан 6 жыл бұрын таспалаған бейнебаян құрбылардың жанкүйерлеріне ерекше сый болған-ды.

Өнерде бір-бірін қолдап, жанашырлық танытатын құрбылардың қатарына Салтанат Бақаева мен актриса Гүлбахрам Байбосынованы жатқызуға болады. Сахнада әріптес, өмірде сырлас құрбысын Салтанат «Әгугай, құрбым» әнінің бейнебаянына түсірген болатын.

Сондай-ақ, арнаулық арудың жанынан жиі табылатын достары деп актриса Жәнел Мақажан, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримованы да айтуға болады.

Алагөзованың мектебінен түлеп ұшқан экс-Кешьюлік арулар Ақбота мен Жұлдыз бүгінде ажырамас достар. Тағдырлас сұлуларды жарларымен бірге бір-бірінің отбасылық қуаныштарынан жиі байқауға болады. Екеуі де әншіліктен кино әлеміне бет бұрды. Бүгінде екеуі де бір ұл, бір қызды тәрбиелеп отырған жас ана.

Ал шоу-бизнестің титаны Алуа Қонарованың жан сырынан хабардар тек жалғыз досы бар. Ол – тележүргізуші Салтанат Қалиева. Өздерін «Аққу-Гәккуміз» дейтін ханымдар тіпті бірлесіп тележоба да ұсынған-ды.

Алуа Қонарова, продюсер:

-Бастысы – ақша емес. Ортамызда белгілі бір келісім бар, соған сүйене жұмыс істейміз. Тек жұмыс барысында келспей қалатын сәттеріміз болады. Есесіне, біз бір-бірімізге демеушіміз, қолдаушымыз.

Алайда, құрбылар арасындағы мұндай шығармашылық тандем сәтті аяқталмайтын сәттер де кездеседі. Мәселен, отандық шоу-бизнесті ортақтасқан Алуа Қонарова кезінде Баян Алагөзовамен өнердегі түрлі көзқарастары үшін, араздасып қалған-ды. Бүгінде қос продюсер достасқанымен, араларына түскен сызат әлі де қалпына келмеген сыңайлы.