Кәсіби актер емеспін! Тәуекел Мүсілім актерлық шеберлігіне күмән келтіріп жүргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші:

- Тәуекел Мүсілім қарақшылық жасады! Ол аз болғандай, сері өзгенің баласын бауырына басып, әке атанды. Дәл осындай қызықты сюжет желісімен су жаңа «Папа по не воле» картинасы таспаланып жатыр! Одан бөлек, бұл лента несімен ерекше болмақ? Қазір анықтаймыз...

Қазақ киноқоржыны тағы бір комедиямен толықпақ! Кезекті картина жаңа жыл мерекесіне арналған отбасылық фильм болмақ. Ондағы басты рөл Тәуекел Мүсілімге бұйырған.

Тәуекел Мүсілім, актер:

  • Тәуекел біраз үзілістен кейін, үлкен экрандарға қайта оралғалы жатсың. Бұл жолы комедия. «Папа по неволе». Шақырту алдың ба, кастинг болды ма қалай болды жалпы?
  • Жалпы бұл фильмге келуім, Тимур бұл жобаның продюсері, хабарласып, жақсы сценарий бар деді. Оқып шықсаң деп. Оқып шықтым, өте қатты ұнады. Жаңағы нағыз жаңа жылдық.

«Папа по неволе» фильмінің проюсерлігін Тимур Бақтыбаев өз қолына алған. Еске салсақ, Тимур соңғы 2 жыл бойы «Newton» бойзбендінің жетекшісі болған еді. 5 бірдей бейнебаян таспалаған q-pop ұжымы бүгінде тарап кеткен-ді. Бүгінде топта өнер көрсеткен жігіттердің әрқайсысы жеке әншілікке бет бұрған.

Тимур Бақтыбаев, продюсер:

- Тимур сізді, біз «Ньютон» тобының продюсері ретінде танимыз. Қазір ол топтың продюсері емессіз ия?

  • Жоқ.
  • Киноиндустрияға толықтай бет бұрдыңыз!
  • Толықтай бұрдым.
  • Аха, себебі?
  • Себебі менің бұрынғы арманым. Кино түсіру, актер болу деген сияқты. Негізі творчествоға келген себебім де осы. Кино түсіремін, мына басқа продюсерлер сияқты болғым келді.

Еске салсақ, су жаңа комедия үшін Тәуекел шашын алып, иммиджын өзгерткен. Әдетте тек сымбатты серілерді сомдайтын Мүсілім, бұл жолы жағымсыз кейіпте. Сюжет бойынша қарақшы жігіт, бір күнге бала тәрбиелеушісі ретінде уақытша «әке» атанады.

Тәуекел Мүсілім, актер:

  • Фильмге сен түсу үшін қандай талаптарың бар. Ол сценарий бірінші, екінші?
  • Екінші, режиссер кім, оператор кім.
  • Қалай түсіреді деген сияқты. Сапасы қандай. Тағы?
  • Болды басты осы сұрақтар. Ал, енді ары қарай әріптестер кім тағы ойнайды.
  • Ең маңызды нәрсені ұмытып кеттің ғой.
  • Қандай?
  • Гонорар.
  • А гонорар ма? Енді жақсы, сценарий болса. Шыны керек мен ондай қатты гонорар сұраймын деп айтпаймын. Егер өзіме қызық болып жатса, бұл жоба мен жаңағы тегін түсуге де дайынмын.
  • Мәссаған. Сен енді Тәуекел үйлендің, отбасылы болдың, ақша керек саған.
  • Енді Аллаға шүкір.
  • Бәрібір тегін түспейсің ғой дұрыс па?
  • Енді жаңағы, фестивальный кино дейді ғой бізде, сондай фестивальный киноларда кейде енді ақша төленбейді. Тек қана осындай бір фестиваль үшін ерлік етесің. Сондай кездерім болуы мүмкін. Ал егер әрине комерческий жоба болса келісесің.
  • Тәуекел қазіргі таңда сені сұраныстағы актер деп айтуға толыққанды болады.
  • Рахмет.
  • Соған орай гонорарың да жоғары деп ойлаймын. Сен жалпы көрсеткішпен алатын болсақ. Мен нақты қандай сумма екенін айтпай-ақ қояйын. Жоғары орта кіші?
  • Былайша енді, ондай мөлшер жоқ. Кім қалай бағалайды өз уақытын, егер мен уақытым осындай болсын десе әрине.
  • Мен білетін, ең қымбат актерлар ол Азамат Сатыбалды, Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров. Олар күніне естуімше мың екі мың доллар.
  • Енді ол кісілер профессионал ғой иә. Ал біз даладан келдік. Өз-өзімізбен «самоучка» деген сияқты.

Алайда, фильм жетекшілігін өз қолына алған Тимур Бақтыбаев Тәуекелдің актерлық шеберлігіне дән риза. Киноға енді қадам басқан продюсер былтыр Жахан Отарғалиевтың қатысуымен «Казакпайская мечта» лентасын түсірген еді.

Тимур Бақтыбаев, продюсер:

- Тимур жаңа айттыңыз ғой, нарықтың талабы сұранысы солай деп. Қазір, отандық кинолар өте көп. Сіз соның көлеңкесінде қалып кетем деп ойламайсыз ба?

- Жоқ, ол жақтан қорқыныш жоқ. Себебі бізге Қазақстанда конкуренция керек. Ылғи бір адамдардың, киносы шыға берсе де, енді шыға береді ғой. Бірақ әркімнің өзінің почеркі болады да. И біздің почеркіміз бөлек. Халыққа ұнайды деген сенімдіміз.

Ал, продюсердің пікірінше, көптің көңілінен шығуы тиіс «Папа по неволе» картинасында Жанель Мақажан, Олжас Әлжанов және Ернар Сақуповтар төбе көрсетпек. Фильм желтоқсан айында үлкен экрандарға жол тартады.