Нью-Йорктың ең стильді сұлулары үшін күнде думан, күнде той! Алып шаһарда fashion week жалғасып жатыр. Әсемдік апталықтың бұл күні Кайя Гербер бастаған модельдер Coach-тың сахнасынан табылды. Әйгілі сән үйі көрсетілімін нағыз рок концертке айналдырды! Нәзік жандылардан құралған бэндтың әнінің сүйемелдеуімен өткен фэшн шоу көпке ұнағандай.
Бренд 80-жылдардың сәнін қайталауға тырысқан-ды. Сондай-ақ, Coach дизайнерлерінің пікірінше, ашық-жарқын көк, сары, жасыл түстер биылғы жылы трендте!
Vera Wang та, Нью-Йорк фэшн уик асында тың туындыларын таныстыруды жөн көрді! Әйгілі сән үйінің көйлектері әдетте голливуд жұлдыздарының үстінен табылып, нағыз қызыл кілемнің киіміне айналғаны қашан.
Десе де, әлем аруларын аузына қаратқан бренд бұл жолы тек кешкі көйлектермен шектелмеген! Қара түстес қырлы шалбар трендттен түспейтінін сән үйі жақсы түсінгендей. Сондай-ақ, оверсайз пенжектер мен қалың пәлтелер кеш қонақтарының назарына ұсынылды. Vera Wang та сары түс сәнде дейді.