Голливуд жұлдыдары «Vanity Fair» шарасында бас қосты!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Оскар» мапапатынан соң, актерлар қауымы «Vanity Fair» ұйымдастырған афтепатида бас қосты. Кештің көңілді өткені соншалық, голливуд жұлдыздары әлі де естерін жия алмай жатқан көрінеді. Бұл шараға жүлде алғандар жеңісін тойлауға келсе, мүсіншеге қолы жетпегендер көштен қалмай көңіл көтеруге тырысты.

Тіпті, меймандар арасында киносаласына мүлде қатысы жоқ жұлдыздар да көп болды! Мәселен, жары Каньэ Уэстты ерте келген Ким Кардашьян кештің басты мейманына айналды. Сылқымның, кез-келген шарада төбе көрсете бермейтіні белгілі.

Кимнің сіңлісі Кайли де айтулы кештен құр қалмауды жөн көріпті. Алайда, сылқымға жүздеген камера көзі алдында жалғыз тұруға тура келді.

Биылғы «Оскардың» әншісі атанған Билли Айлиш болса, афтепатиде де ағасын жанынан бір елі қалдырмады. Тек сылқым, өзінің образын ауыстырғанды. Бұл жолы жас әншінің таңдауы «Гуччи» брендінің үлгісіне түскен.

Шарлиз Терон, Джессика Альба мен Скарлетт Йохансондар болса, алтын түстес, жалтыраған көйлектерімен көздің жауын алды. Десе де, афтепатиде де Билли Портер көптің назарын өзіне аударта алғандай. Әсіресе оның ерек жазуы бар сөмкесі елеусіз қалмады.

«Оскар» жеңімпазы атанған Рене Зелвегер, Пон Чжун Холар болса, кеш соңына дейін өздерінің мүсіншелерінен бір сәтке де айырылмады. Тіпті, киногерлер барлық суретке марапаттарымен бірге түсуді жөн көріпті.