Жұлдыздар жарларына қандай сыйлық жасайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқынның әр туған күні, тосынсыйға толы! Мәселен, оның сүйікті жары Жұлдыз әншіні былтыр дәл осы күні «аяғым ауыр» деп қуантса, алдыңғы жылы бірге бейнебаян түсіріп елді сүйдіндірген-ді. Кеште қонақтардың қамымен жүрген отанасы бұл жолы сүйіктісіне не сыйлады екен?

Жұлдыз Өмірғали, әнші - актриса:

-Мен әлі ештеңе дайындаған жоқпын. Жалпы ойымда бірдеңе жүр. Соған сұрау керек бірінші, «керек па, керек емес па?», - деп. Ең қымбат сол маған былай жауап қайтар дейді да, 2 бала сыйладың ғой, сол ғой ең қымбаты деп.

«Балаларым – бар байлығым» деген Айқын жұбайын бағалайтыны көрініп-ақ тұр. Көңілі әрдайым жарқын әнші, сыйлыққа келгенде жомарттық танытады.

Жұлдыз Өмірғали, әнші - актриса:

- Ол маған алдыңғы жылы туған күніме осындай брилиантовый набор сыйлады»

Жұлдыздың құрбысы Ақбота-Нұр болса, сүйікті жарының көңілінен шығатын сыйлық таппай дал. «Тосынсыйға келгенде, Дәуреннің талғамы тым жоғары»,- дейді Ақбота.

Ақбота Нұр, әнші:

-Жыл сайын өзім күйеуіме қалаған затын әперуге тырысамын +01-24-25 ол кісіге техника болу керек, сағат, ноутбук, ұялы телефон теледидар деген сияқты. Оны анау мынау затпен таңқалдыру қиын.

Талғамы биік Айдарқұлов болса, жарына тарту таңдауда қалтасын біраз жұқартуға әзір. Сондықтан, Ақбота Дәуреннен сыйлықтың «төресін» күтетінін де жасырмады.

Ақбота Нұр, әнші:

- Осы жылы автокөлік. Сегізінші март келе жатыр ғой, тоже бір сыйлықты күтіп отырмын енді. Алла қаласа, 90 пайыз үйдің кілтін қолыма ұстатайын деп тұр.

Осылайша таяуда ғана темір тұлпарды тізгіндеген Ақбота жаңа пәтердің кілтін алып, ата-енесінен бөлек шықпақ ниетте ме деп топшыладық.

Ал актер Қайрат Әділгерейдің жары отағасына тосынсый әзірлеп, әуреге түспейтін көрінеді. “Отбасылық бақыттың кілті - бағалы сыйлықта емес” - дейді ол.

Бақыт Тұрман, әнші:

-Мен сыйлық жасамаймын көп. Көбінесе маған жасалады сыйлық. Сыйлық енді мен қыз бен жігіт болып жүрген кезде әдемілеп жасайтын едім.