Мейрамбек Беспаевты ашық-шашық киінген Кәмшат Жолдыбаева ренжіткені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда ғана жарық көрген бұл бейнебаянды Декуиннің жанкүйерлері жақсы қабылдады. Десе де, «ұятсыз» клип түсіріп, ашық сахналар арқылы қаралым жинағандарды қаралап жатқан қазнет қолдаушылары жетерлік! Тіпті олардың арасында, отандық өнер өкілдері де бар.

Тоқтар Серіков, әнші:

- Жалпы жалаңаш өлең айтқандарды тыңдамаймын, жасыратыны жоқ. Мен оны балаларыма да көрсетпеймін. Болады бізде бейнебаяндарды тамашалап қарап отырамыз, аяқтары, жалаң бұттарын көрсетіп жатқан жерінен өшіріп тастаймын».

Эротикалық кадрларымен көптің қаһарына жиі ұшырайтын Кәмшат Жолдыбаеваның мұндай пікірге еті әбден үйренген. Есесіне, аға буынның сынын құлағына да қыстырмайтын сылқымның әр туындысы ел аузында.

Тоқтар Серіков, әнші:

- Әр ұлттық өзінің мәдениеті болады. Әр ұлттың өзінің мінез-құлқы болады. Мен қазақ деген халқымның мінезіне, менталитетіне келмейтін бір дүниелер бар, соны көрсетпей-ақ қойса екен деймін».

Ал Мейрамбек Бесбаев клиптегі ашық сахналармен күресудің жолын ұсынды. «Қазақ эстрадасының падишасы» атанған ол, ұятсыз бейнебаян мәселесін заң аясында шешуге шақырады.

Мейрамбек Бесбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

-Барған жерде айтып та жүрміз. Нәтиже шықпай жатыр әлі. Бірақ бұны шында да қолға алу керек. Кәдімгідей мемлекет қолға алмаса, бетімен кетті шынымен де. Түсінбей жатырмын бұны, біз неге бұндай қадамға барғыш болып кеттік. Бұдан да шаршайтын шығар ел.»

Алайда, өнер өкілдері арасынан «ұятсыз» бейнебаян таспалап жүрген әріптестерін түсінгендер де табылды. Мәселен, өзін қазақтың Cardi B-і санайтын Say Mo да жартылай жалаңаштанып, жұртты шулатып жүрген жайы бар. «ALEM BAND» жігіттері сылқымның бұл қылығын түсіндіруге тырысты.

«ALEM BAND» тобы:

-Ол әншілердің талғамы басқа ғой. Say Mo болсын, Dequine болсын қазақстандық тыңдарманға жұмыс жасамайды. Олар СНГ, Россия. Ал, ол елдерде кәдімгі «саламатсызба» деген сөз сияқты ғой сүйісу деген».

ALEM BAND- тың «эротикалық» клип таспалаған әріптестерін дәл осылай қолдауы қалыпты құбылыс. Себебі, қыздардың жалтыраған сандарын жігіттердің де бейнебаянынан байқауға болады.

Десе де жігіттер сүттен ақ, судан тазамыз дейді.

«ALEM BAND» тобы:

- В общем, сүйісетін сияқтымыз деген да. Ойнап айтам. Бірақ дәл бұндай анайылыққа барамыз деп ойлаймаймыз, шыны керек».