Say Mo мен Шәріп Серік Мысырда бірге демалып жатқандары рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Адуынды рэпер ару Say Mo Мысырда демалып жатыр! Бірақ сылқым жалғыз емес. Жұп екендерін мойындамаса да, Мөлдір мен актер Шәріп Серіктің арасындағы махаббат көптен бері қызу талқыда. Сүйіктісінің жүзін жасырып қалғысы келгенімен, Шакентиді өзінің шейхіне балаған арудың бақыттан басы айналып жүргеніне мына суреттер дәлел. Шетел асқан қос ғашық, көп ұзамай жағымды жаңалықтарын сүйіншілетеді деген сенімдеміз.

Қайрат Нұртастың бұл хиті енді Ерке Есмаханның еншісінде! Тіпті әйгілі әнді өнерпаз өзіне жаздырып та үлгерді.

«Қайраттың өзі орындауға рұқсат берген», - деп жазба қалдырған Ерке қыз, желідегі тыңдарманының пікірін сұраған-ды. Оқырмандардың бір бөлігі ән Есмаханға жараспайды деп шешсе, енді бірі «сіздің дауысыңызға арналғандай» сынды пікірлер қалдырған.

Мәдина Сәдуақасованың келін атанғанына биыл 6 жыл! Күні кеше жарын туған күнімен құттықтап, желі арқылы жүрекжарды тілектерін білдірген әнші, отау құрған күнін еске алып, ескі суреттерін жүктеді. Қос қуанышымен сахна еркесін оқырмандар жарыса құттықтап жатты. Ендеше біз де жұлдызды жұпқа махаббатарыңызға сызат түспесін дейміз!