Британияның кино және телевизиялық өнер академиясы голливуд жұлдыздарын қызыл кілемге жинады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Британияның кино және телевизиялық өнер академиясы голливуд жұлдыздарын қызыл кілемге жинады! Мәртебесі «Оскармен» пара-пар марапат өз үздіктерін анықтаған еді.

Кинокеште Уиллям ханзада мен Кейт Миддлтонның төбе көрсетуі, ежелгі дәстүрге айналғандай. Меганмен іргесін сөккелі, жұлдызды абысынның бұл алғаш рет ел алдына шығуы. Кембридж герцогинясы шараға әсем образға бола бас қатырып, әуре-сарсаңға салынбаған. Кейт ханым 2012 жылы Малазиядағы кездесуге киген ескі көйлегін місе тұтқан-ды.

Есесіне, Скарлет Йохансон бір образын екінші рет қайталуға құлықсыз! Айтулы шараға аса ыждахаттылықпен дайындалған арудың үміті ақталғандай. Бұл кеште оның ашық кеуделі күлгін түсті көйлегі көптің көзін сүріндірді.

Скарлетт Йохансон, актриса:

- «Джоджо қоян» лентасының түсірілім жұмысы аяқталған соң, иығымнан ауыр жүк түскендей. Сондықтан да, көңіл-күйім кермет!

Сәні мен салтанаты жарасқан сылқымдар көшін Шарлиз Терон, Марго Робби, Лили-Роуз Депптер жалғады.

Қызыл кілемде бой көрсетуге нәзік жандылардан бұрын, ерлер қауымы үлкен дайындықпен келген. Қаумалаған мыңдаған камера алдына Тодд Филипс, Адам Драйвер, Энди Серкистер құмарлары қанғанша, әбден суретке түсті.