Отандық киноға қадам басқан жас актерларды аға буын неге танымайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәрелке шағу, камера, түсірілім алаңы мен тұсаукесер. Кино саласы дамыған сайын жаңа есімдер мен кейіпкерлердің дүниеге келуі заңдылық. Алайда оларды орта буын қаншалықты таниды? Мәселен, актриса Нұргүл Мыңғатова жас әріптестерінің жұмыстарын бақылап отырады екен. Тіпті бағыт бағдар беріп, кеңестерімен бөлісуге де кетәрі емес.

Нұргүл Мыңғатова, актриса:

–Жақында, міне Индира деген актриса шықты Асқар Ұзабаевтың военный драмасында түскен. Қазбатта түскен. Өте талантты актриса, өзіне де айттым оны.

НТК арнасы арқылы қалың көрерменге танылған жалғыз Индира емес. Арнамыз ұсынған «Соққы» драмасы да біраз жас аталанттың бағын ашты. Өз кезегінде, фильм режиссері Олжас Нұрбай «осы туындыда бой көрсеткен актерлардың барлығы дерлік қазақ киносының болашағы» деп, мәлімдеме жасады.

Олжас Нұрбай, режиссер:

Өсіп келе жатқан Шұғыла Ешенова, керемет актриса Соққыда ойнаған, енді бұл мен жұмыс істеп жатқан. Диана Холловей. Мен мысалы жұмыс істеген актерлардың 90 пайызы үлкен киноға дайын.

Олжастың сөзімен әріптесі, актриса Әсел Сағатова да келіседі. Тек жастардың сағы сынбай, әркім өз уақытын күте білсе екен дейді.

Әсел Сағатова, актриса:

- Әріптестеріме баға бере алмаймын. Жас әрі талантты жандар өте көп. Киноиндустриямыз дами түссе, жастардың да шығуына мүмкіндік көп.»

Ал жас болса да, көрермен көзайымына айналып үлгерген актерлардың арасынан «Каникулы офф-лайн» комедиясы арқылы танылған Мейірғат Амангельдин, «Томирис» тарихи драмасында жарқ етіп көрінген Айжан Лайджи және «Қазақша бизнестің» жұлдызы – Рамазан Амантайды ерекше атап өтуге болады.