Айсара Бисенова, тележүргізуші:
- Нұрлан Қоянбаевтан тағы бір тың туынды! Миллиардер атанған киногер өзінің кезекті «My love is Aisulu» атты фильмінің тұсауын кеспек! Продюсер бұл жолы романтикалық комедия ұсынды. Нұрланның бұл фильмі кассалық табысымен «Бизнес по-казахскиді» басып оза алар ма екен?
Нұрлан Қоянбаев, продюсер:
- Нұрлан тағы бір тың туындыңыз құтты болсын! 2020 жыл сіз үшін бір жақсы бір жаңалықпен басталды ғой, миллионер емес, миллиардер атанып жатсыз ғой.
- Енді миллардер туралы бір айтып жіберейін жалпы, бәрі құттықтап жатыр ғой миллардер деп. Иә, иә деп қоям. Бірақ, бәріміз білеміз ол миллардтың бәрі маған түспейді. 50 пайызы жаңағы кинотеатрларда қалады, одан кейін жаңағы налог, демеуші бар деген сияқты. Қатты байып кеткен жоқпын.
Дәл осылай ақталуға тырысқан Нұрлан Қоянбаев кезекті комедиясына да үлкен үміт артып отыр. Тіпті, туынды табысты болуы үшін шетелдік актерлар да шақыртылған еді.
Нұрлан Қоянбаев, продюсер:
- Осы картинада шетелдік жұлдыздар да бой көрсетті. Олардың гонорары қымбат екенін білеміз. Қалтаңызға ауыр тиді ме?
- АҚШ-қа барған кезде осы голливудтық актерлармен сөйлескен кезде олар үлкен қаражат сұрайды. Осы Кэри Тагава мен Байлин. Тагаваның сөзі: Нұрлан егер де мен сенен гонорар сұрасам, сенің киноңның ақшасы бітіп қалады, - деді. Сондықтан де мен тегін түсем деді. Сөйтіп Тагава тегін түсті.
- Ал басқалары ше?
- Байлин да тегін түсті.
- Бүкіл картинада енді өзіңізде актер болып ойнайсыз, ал тек қана продюссер ретінде, жұмыс істеп көрем деген ой болды ма, жаңа актерларды шақырып?
- Осы жобада сондай ой болды. Мен тек қана продюсер болам дегем.
- Бірақ?
- Бірақ, Данияр Алшынов, ойнауы керек болған, сосын тағы бір актерлар болды. Көп актерлар бұл киноның уақытымен келмеді. Ақпан айында Данияр Алшыновтың өзінің бір съемкалары болды.
Жас актерлар бас тартқан соң, Қоянбаевқа сценарийді өзіне арнап өзгертуге тура келген. Кинокартинада Нұрланның сүйіктісін Әсел Сағатова сомдайды.
Әсел Сағатова, актриса:
- Әсел, үлкен экранға қайта оралуыңызбен! Біздің білуімізше, декретте болдыңыз. Өнерден жырақта жүру қиын болды ма?
- Ия, шыны керек оңайға соқпады. Түсірілім жұмыстарын қатты сағындым. Себебі, кино әлеміне қатысты барлық дүниені жаным сүйеді.
- Шынында да көрермен сізді сағынып қалған сияқты. Сіз декретте болған кезде, жаңа актрисалар киноға түсе бастады. Өз аудиториямды жоғалтып алдым деп ойламсыз ба?
- Баланың тәрбиесімен қолым босамай жүрген кезде, мен басқа әлемде жүрдім. Киноға қайтып келсем, бәрі өзгеріп кеткен сияқты. Жаңа таланттар көбейген. Әрине қорқыныш болады.
Жанель Мақажан, актриса:
- Жанель, «My love is Aisulu» картинасына түстіңіз, кастинг арқылы ма, шақырту арқылы өттіңіз ба?
- Мен шақырту арқылы бұл рөлге өттім. Себебі бұған дейін, де «Каниулы в Тайланде» деген Нұрлан Қоябаевтың фильмінде төбе көрсеткен болатынмын.
- Біз көбінесе сізді театр актрисасы ретінде білеміз, ал сіз өзіңіз нені таңдайтын едіңіз? Кино ма театр ма?
- Екеуі де мүлдем, біреуін жоғары біреуін төмендете алмаймын. Себебі екеуі де, біреуі жер болса, біреуі көк сияқты. Енді керек та екеуі де.
Нұрлан Қоянбаевтің су жаңа романтикалық комедиясы Санжар мен Айсұлу есімді қос ғашықтың махаббат хикаясын баяндайды. Бас кейіпкер сүйіктісінің көңілінен шығу үшін түрлі жанкештілікке барады. Тіпті сері мұхит асып, аруының артынан Америкаға ататанады. Фильмде Санжардың жанашыр досын Жахан Ортарғалиев сомдайды.
Жахан Отарғалиев, актер:
- Картиналарыңыз көбейіп жатыр. Ал гонорарыңыз тура солай өсіп жатыр ма?
- Сіз менімен кездескен сайын гонорар туралы сұрайсыз, тіпті не айтарымды білмей қалады екем.
- Шындықты айтсаңыз енді дұрыс болатын еді.
- Шындық – өседі ғой. Картинадан картинаға в любом случае барлық, бәрі өседі ғой.
- Сіз талантты әзілкешсіз, актерсіз, вайнерсіз, өзіңізді қай салада өте ыңғайлы сезінесіз?
- Актер.
- Ал, қай салада пайдасы көп түседі?
- Той, тойдағы ғой пайданың бәрі. Бүкіл, енді шыны керек жасыратыны жоқ. Бәріміз сол тойдан тауып жатырмыз ғой.
Ал «My love is Aisulu» комедиясы 30-шы қаңтардан бастап үлкен экрандарда!