Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші:
- Көзі от, фигурасы хот, мұрны томпиған, ерні салпиған»! Бет әлпетін арнайы бағдарлама арқылы әйел кейпіне өзгерткен Айқын Төлепберген қандай қыз болатынын көрсетіп, көптің көңілін көтерді. Ал әншіден өзге, өнердегі жігіттер нәзік жанды болып туылса, қандай болар еді? Өздерінен сұрап көрейк!
Айқынның дәл осы суреті көпшілік арасында қызу талқыға түскен еді. Алайда, оқырмандарының көңілін көтермек болған әнші, біраз сынның астында қалды.
Төлепбергеннің бұл қисынсыз қылығы өнердегі әріптестерін де бейжай қалдырмады.
Кентал, әнші:
- Кентал қазір, жігіттерді байқаймыз инстаграмда отырған өзін түсіреді де, қыз кейпінде салып қояды. Соларға көзқарасың қалай және сен қыз болсаң қандай қыз болатын едің деп ойлайсың?
- Мен білмеймін ондайды айта алмаймын.
- Сен өзің салдың ба инстаграмға қыз бейнеңді?
- Жоқ салған жоқпын.
- Салған жоқсың, ондайға қарсысың ба?
- Мен ондайға қарсымын. Себебі, мысалы мен түсінемін, бізде «Тамашада» ер адамдар әженің киімдерін киіп алады, мысалы ондайды түсінемін әзіл үшін.
- Ол – өнер.
- Иә. Ал, өзімді осылай салыстырып қыз қылып.
- Ол – мазақ.
- Ол дұрыс емес, ол мазақ ия. Сондықтан анау популярный болған приложение хайп болған. Ер адамды кәртайтатын, сосын анау қыз қылатын. Мен ондайды салған жоқпын.
Иә, әзілдің де шегі бар. Дегенмен, Кенталдың өзі хайп жасаймын деп, айыпқа батқанын ұмытып қалған сынды. Әнші өліп қалған мысығын жоқтаймын деп, елді шошытқан еді.
Кентал, әнші:
-Хайпқа қарсысың ба?
- Жоқ, хайпқа қарсы емеспін, хайпқа жақсы қараймын. Ол бір күндік танымалдылық қой. Сондықтан, ондайға қарсы емеспін. Менде хайп көп болды. Әлі де көп болады.
- Қандай хайп?
- Мысық, мысалы, жәй ғана.
- Бәрі айтып жүр.
- Бәрі айтып жүр, әлде де.
Ал, қосымшаның көмегімен әп-сәтте сұлу аруға айналған Айқын, «жігітін өрге сүйрейтін пысық қыз болатын сияқтымын...» деп, қалжыңымен күлкіге қарық қылды.