Арзанқол комедияларға түскен актерлар «бұлғанған!» Ермек Тұрсынов ерекше мәлімдеме жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Туындыларының санынан гөрі, сапасына көбірек мән беретін Ермек Тұрсынов көптен күткен кезекті «Шырақшы» картинасының тұсауын кесті! Фильмнің премьерасында, режиссерды қолдауға келген зиялылардың қарасы мол. Соның бірі - қызы Мадинаны ерте келген Олжас Сүлейменов болды.

Еске салсақ, су жаңа туындының әлемдік тұсаукесері Шанхай халықаралық кинофестивалі аясында өткенін еді. Лентаның сюжеті соғыстан оралған қазақстандық сарбаздың оқиғасын баяндайды.

Фильмде басты рөл Мұратжан Мұқажановқа бұйырған. Үлкен киноға дебют алған қария кейіпкерінің ойдағыдай шығуы үшін біраз тер төккен.

Ермек Тұрсынов, режиссер:

- Сценарий бойынша ол кісі велосипед айдайды ғой. Велосипед айдайтын кісіге онша ұқсамайды. Соны біз басында біраз қинадық. Мұрат аға молодец, шыдап шықты. Екі аптаның ішінде алты емес, он килограмм тастап келді.

Кезінде Ерболат Тоғызақовтың бағын жаққан режиссер кастингке келген актерларға қояр басты талабы бар екенін айтып қалды.

Ермек Тұрсынов, режиссер:

- Мен кастинг басталғанда ең басты нәрсе осы. Сен біздің киноларға қатыстың ба, арзан киноларға түстің ба? Былғанып қалдың ба? Онда маған өте алмайсың.

Осылайша, Ермек Тұрсынов үлкен экрандарға жол тартып жатқан отандық фильмдерді «лас дүниеге» балады. Режиссер «киногерсымақтардың туындыларын 5 минуттан артық көре алмаймын» - дейді.

Ермек Тұрсынов, режиссер:

-Қазір шығып жатқан арзан кинолар, комедия дейміз ол комедмя емес, бұл кино деп те ауыз толтырып айта алмайсыз, бұл мазақ. КВН-да ойнағандай бәрі кино түсіргіш болды, той-бизнесте жүргендердің бәрі кинотүсіргіш болды, сондықтан осы шығып жатқан кинолардың 90 пайызы мен кино деп айта алмаймын.

Алайда, талабы қатал, талғампаз режиссердың құрметтейтін әріптестері де жоқ емес.

Ермек Тұрсынов, режиссер:

- Біздерде дарынды жастар көп, Айдын Сахаман деген режиссер бар. Серік Өтепберген деген режиссер бар. Жанат Алшанова. Айта берсең, тізбектей берсең өте көп. Олардың аттары бірте-бірте шыға бастады. Әділхан Ержанов, Эмир Байғазин.