Қыс мезгілінде сәнді бол! Қалың киіммен қалай стильді киінуге болады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, жүргізуші:

- Қақаған аязда, қалың киіммен стильді көріну қиын екені бәрімізге мәлім. Ал, күртешелер және пәлтелермен образды қалай үйлесімді етуге болады? Жалпы қыс мезгілінде сәнді болу мүмкін бе? Бұл сауалдардың жауабын қазір стилист Райхан Қорғанмен бірге анықтаймыз.

Райхан Қорған, стилист:

Райхан, саламатсыз ба? Мен қыс мезгілінде де әдемі болғым келеді. Мүмкін бе?

Әрине мүмкін. Жалпы қысқы киімді таңдағанда, онда сіз біріншіден матаға қарауыңыз керек. Оның түсіне және құрамына.

-Мысалы, мен ертең кішкентай баламмен тауға барғым келеді. Ыңғайлы қандай киім таңдасам болады.

-Біріншіден ол, жылы болуы керек. Күртешесі де шалбары да. Әрине баламен ойнағанға шалбар ыңғайлы, сондықтан мен сізге бір сетты көрсетейін. Сет дейміз, бірге келеді шалбары да күртешесі де.

Райхан осы образға қандай бас киім таңдаған дұрыс деп ойлайсыз?

Негізі ол сіздің таңдауыңызға байланысты, бірақ қазіргі кезде, қолдан тоқылған бас киім, шарфтар трендте. Оған қоса бас киміммен шарфтың тоқылған түрі үлкен объемді түрде болса жақсы болады.

Ал, күнделікке мен таңдайтын болсам осы жерде образ осы қыс мезгілде, қандай образ таңда деп кеңес бересіз?

Негізі, күнделікке киетін киім таңдасаңыз, ол спорт киім болса, шалбар немесе көйлек болса, оның барлығын осы жерде таба аламыз. Оған қоса қысқы киім болсы міне мына жерде *бір күртеше бар ол маған қатты ұнайды өйткені ол өте ыңғайлы екі жағынан да киюге болады. Оға қоса түсі осы қыста трендте.

Жарайды онда осы күртешені алайық, ал ішіне қандай киім таңдасам болады?

Ішіне суық болғандықтан қазір ауа-райы болғандықтан мен сізге мысалы теріден жасалған шалбар кигізіп көрейін.

- Барып кеңестерін Райханның өзінен сұрайын! Райхан, енді мынандай образ мен таңдамайды екенмін. Осы күртешені ерекшелігін айтып берсеңіз, қарасам екі жақты сияқты ғой?

Мынандай бір ережені жаттап алыңыз, егер де oversize мына көлемі үлкен күртеше немесе джакет пиджак дейміз, пальто болса онда мұндай киімдерді үстінен тағы басқа бір белбеумен байлауға болады.

Ал, ішінде күртешенің ішіндегі образ туралы айтсақ?

Бұл қазіргі кезде, бірнеше сезон бойы трендтте келе жатқан теріден жасалған киім. Ал, кофта туралы айтсақ, осы түсте міне жылтырлағы осы сезонда трендте. Оған қоса бұл кофтаны сіз, шалбармен юбкамен шортымен кие аласыз. Тіпті, көйлекпен де кие аласыз. Мына жерде бір көйлек бар көрсетсек.

Жарайды барып көрейік көрген сияқтымын.

Қаталеспесем мынау болатын, иә?

Осы көйлектің жіңішке ілмектері мына көйлекпен жақсы болып көрінеді, оған қоса, бұл көйлек өзі сол матадан жасалған бір-біріне сәйкес келіп тұр.

Ал, келесі образ туралы айтып берсеңіз.

Келесі образды кешкі образ болсын. Оған мен сізге көйлек дайындадым және пальто. Өйткені қысқы уақытта суық болғанда біз пальтосыз жүре алмаймыз.

Райхан бұл образ маған өте ерекше, өйткені мен осы көйлекті тойға да киіп барамын. Бірақ біздің адамдар үйреніп қалған той болса туфли болу керек деп. Ал мынау көйлекті мен жәй ғана ботинкамен кидім, қараңыздар.

Иә, дұрыс айтасыз, өйткені біздің халықтың үйреніп қалған образдары тойға ол тастармен, гүлдермен, оған қоса мына ашық жерлерін сеткамен жаба салады. Немесе кешкі көйлекпен мысалы пуховик киеді, куртка киеді да солай барады тойға. Ол дұрыс емес. Әйел деген тойға барса да жұмысқа барса да, образын бүкіл детальдарын ойластырып жүру керек. Өйткені, бір бөлшегі дұрыс емес болса, онда бүкіл образдың бәрі жаман болып шығады.

Біздің білуімізше қазақтардың тойлары өте көп. Сондықтан осы көйлекті таңдасаңыз да болады. Ал келесі образдарды біздің келесі бағдарламада тамашалаңыз. Райхан сізге рахмет!